astana-view

Бура туралы аңыз

Ақмола облысы

Бура жайлы  аңыз

Ертеректе Көкшетау жерінде аппақ, әдемі бура мекен етіпті. Ол өзгелерден саяқ, жалғыз жүретін. Бура қалың орман ішін кезіп, шөліркегенде Күміскөлге келіп шөлін басатын еді. Күміскөл - оның тыныстайтын сүйікті жері.

Бура ерекше қасиетке ие болған. Елге қауіп-қатер, соғыс, жұт төнгенде, боздап, елдің тынышын алатын. Оның белгісіне үйреніскен халық бураны айрықша жақсы көріп, қадірлеген.

Күндердің күнінде елге зұлым жау шабады. Бура әдеттегідей белгі беріп, бәрі тығылып үлгеріп, жан сақтап қалады. Бәріне бура себеп екенін білген зұлымдар оның ізіне түсіп, өлтірмек болады. Аңдыған жау алмай қоймайды емес пе? Ну орманда жүрген бура күндердің бір күнінде өзін аңдыған қарақшы топқа кез болады. Олардың бірі садағын кезеп, жүрек тұсын көздейді. Садағын атып кеп жібергенде жебе кеуде тұсынан кіріп, өркешінен шығады. Жан дауысы шыға аңырап, боздаған бура зұлымдарға қарай жүгіреді. Атына қамшысын басқан олар бытырай қаша жөнеледі. Бір сәтте бура кері бұрылып, Күміскөлге беттейді. Сүйікті мекеніне келіп, жата кетеді. Осылайша жан тапсырады.

Мұнан кейін жұрт бұл жерді Бурабай атап кеткен

Еншілес ұйымдар

Серіктестер