«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстанда алғашқы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады

2017 жылғы 18 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
4662 просмотров

Еліміздің шығысында «Даму» АҚ кәсіпкерлікті дамыту қоры мен Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының бірлескен КҚКО базасында бірінші толық форматтағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы құрылды. Орталықта көрсетілетін сервистік қызмет түрлерін кеңейтілді.

Қазіргі таңда 8 түрлі сервистік қызмет көрсетіледі: мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпараттың кеңес беру, Халыққа қызмет көрсету орталығы маманының қызметі және «Бизнес-мектеп» бағдарламасы бойынша оқыту. 2017 жылдың тамыз айынан бастап облыстық прокуратура өкілдері «Кезекші Прокурор» бизнесмендерге кеңес беру қызметін бастады. Ал техникалық талаптарды келісу, ШОБ субъектілеріне инженерлік инфрақұрылым жүргізу бойынша табиғи монополиялар мен «Қазақинвест» компаниясының 3 кеңес беруші маманы қызмет көрсетеді.

Орталықтың ашылуына облыс әкімі Даниал Ахметов келіп, жаңалықтың куәгері болды. Өңір басшысы мемлекеттік кірістер департаментері, әділет басқармасы мен МЖС орталығының басшыларына көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін кеңес беретін мамандармен қамтамасыз етуді тапсырды.

«Біз мұнда бизнесмендерге қажеттінің барлығын шоғырландырдық. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында жер қатынастары комитетінің қызметкерлері, су арнасы, жылу желісі, энергетика компаниялары мен кеден қызметінің өкілдері жұмыс істейді. Мемлекеттік кірістер департаменті, әділет басқармасы мен МЖС орталығының қызметкерлері де келеді. Кәсіпкер келіп, бір жерден барлық қызметіт ала алады», - деді Даниял Ахметов.

ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий келешектегі жоспарларымен бөлісті.

«Бізде Семейде осыған ұқсас орын мен қызмет бар. Болашақта осындай форматқа дейін көтерілуді қалаймыз», - деді Игорь Шацкий.

Аталған бастаманы облыс басшысы қолдады. Таяу уақытта ШҚО кәсіпкерлер палатасының ұсынысымен Семей қаласында да жұмыс істеп тұрған орталық базасында Кәсіпкерлерге толықтай қызмет көрсететін орталық ашылады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер