«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жергілікті қамтуды ұлғайту мәселелері

2018 жылғы 28 Сәуір
- Шығыс Қазақстан облысы
5137 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы өкілдері ішкі нарықты қорғауды заңнамалық деңгейде қолға алу керек деп санайды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен жиынға жергілікті тауар өндірушілер мен жобалық ұйымдардың өкілдері қатысты.

 Жобалық-сметалық құжаттарға тек ірі позициялардағы заттар: цемент, шыны, ғимараттардың конструкторлы элементтері мен құрылымдар кіретіні жергілікті тауар өндірушілердің өзекті мәселесіне айналған.

Осы ретте инновациялық материалдар, оның ішінде құрғақ құрылыс қоспалары, гипсокартон, электр, сыр-бояу, қасбеттік өнім, пластик терезелер, құбырлар және басқа заттар тыс қалып жатады. Sana  бағдарламасы жаңа және негізгі емес құрылыс заттарын қарастырмайды. Ал осындай құрылыс материалдарына шетелдік тапсырыс берушілер жақсы баға береді.

Мәселен, Өскеменде «Аlma Grad» ЖШС жеңіл жіңішке қабатты болат конструкцияларды шығарады, бұл өнім сейсмикалық қауіпті, климаты ауыр Ресесй Федерациясының Қызыл ауданында құрылыс салуда қолданылады. Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорны Қызыл қаласына 70 000 шаршы метр өнімді жеткізген. Ал жобалаушылардың айтуынша, олардың өзі жергілікті тауар өндірушілердің өнімін жобалық-сметалық құжатқа кіргізуде қиындықтарға тап болады. Отандық өндірушілердің материалдарын қолдану мүмкін болмайды, өйткені бұл материалдар сметалық-нормативтік базаға кірмеген.

 «Мәселен, сметалық-нормативтік базада  қиыршық тас-мастикалық асфальтті бетон бағасы бар, ал ҚР ұлттық стандартына сәйкес қиыршық тас-мастикалық асфальтті бетонның полимерін қолдану ұсынылған. Ал оған нормативті базада баға бекітілмеген», – деді «Каздорпроект» ЖШС сметалық топтың бастығы Ольга Чичирина.

Осы ретте «Каздорпроект» ЖШС «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкциялары үшін қолданыстағы деңгейде сметалық бағалардың жиынтығына» қоспалардың құнын қосу мәселесі барлық жол жобалаушылары үшін маңызды.

 Сонымен қатар кездесу барысында отандық әзірлемелер біздің нарыққа шыға алмай отырғаны айтылды. Ол үшін Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамының қорытындысы керек. Ал оны отандық кәсіпорындар қорытынды бағасының қымбат болуына байланысты оны ала алмай отыр. Ішкі сынақтарды өткізу құны шамамен 10 млн теңге тұрады.

 Айта кетелік, былтыр «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамасы және облыс әкімінің өкімімен отандық тауар өндірушілер мәселелері бойынша арнайы комиссия құрылды. Комисся отандық тауар өндірушілермен шарт жасауда қолдау танытып, нарықта ұқсас отандық өнім болған кезде импортталатын тауарларды сатып алу жағдайларын анықтауды, жобаға дейінгі және кейіннен бақылауды жүзеге асыруды жеңілдетуі тиіс. Былтырдан бастап Комиссия  468 отандық тауар өндіруші қатысуымен 14 жиын өткізді. 2016 жылдан бастап құрылыс саласы жобаларында жергілікті қамту үлесін 78,4%-дан 83,8%-ға өсіруге қол жетті. Отандық өндірушілермен жасалған материалдардың 94,7%-ы тұрғын үйлерді салуда қолданылады.  

  ӨКП жүргізген сатып алу жоспарларына талдау жасау нәтижесінде  мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі дамытуға жоспарланған 58 жобалық-сметалық құжат анықталған. Сонымен қатар құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатқан жалпы сомасы 72,8 млрд теңгені құрайтын  48 нысан анықталды. Олардың ішінде ірі жобалар: Семей қаласындағы құны 18,5 млрд теңгені құрайтын «Абай-Арена» мәдени-спорт кешені құрылысы, Өскемен қаласында құны 13,4 млрд теңге құрайтын  200 орын қалалық аурухана құрылысы. Сонымен қатар 3 жаңа меткеп құрылысы және 6 млрд теңгеге орта мектепке қосымша ғимарат салынып жатыр. Өскеменде көпқабатты 11 тұрғын үй құрылысы жүруде.

 «Осы нысандар бойынша материалдар, бұйымдар, конструкциялар мен жабдықтардың жалпы құны 45,9 млрд теңгені құрайтын негізгі материалдарды, бұйымдарды, конструкциялар мен жабдықтарға қажеттілік жайында 48 салыстырмалы мәлімет алынды. Оның ішінде отандық қамту ресурстардың құны 39,1 млрд теңге құрады, ал бұл дегеніміз жалпы құнның 85%-ы. Қазақстанда өндірілмейтін импортталатын материалдардың номенклатурасының үлесі 15% құрайды. Бұл линолеум, ламинат, қыш тақта, санфаянс, тұсқағаз сынды материалдыр», – деді ӨКП өкілі Оксана Желякова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер