«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қытайға экспортталатын бал көлемі артпақ

18 Қазан 2018 - Шығыс Қазақстан облысы
542 просмотров

«Пасека» шаруа қожалығы Қазақстаннан Қытай Халық Рсепубликасына экспортаушылар тізіліміне енді. Қожалық ірі көлемдегі экспортқа дайындалып жатыр.

«Біз экспорттаушының есептік нөмірін алдық, аталған нөмір көп мүмкіндіктер береді. 1 қарашада қазақстандық делегация құрамында Халықаралық Шанхай көрмесіне бара жатырмыз, онда КХР-ға бал жеткізу бойынша шарттар мен келісімшарттар жасалмақ. Биылдың өзінде бал экспорты күрт өседі деген болжам бар. Экспортқа бүкіл бал өнімін шығарамыз деген ойдамыз», – деді шаруа қожалықтың басшысы Валерий Қасымбаев.

Бүгінде шаруа қожалығы тауарлы бал, балауызды бал, тозаң, балтозаң, прополис, аналық сүт, хитин және басқа да өнімді шығарады.

 «Пасека» 2003 жылы құрылған. Бұл республикада өндірістік ауқымдағы алғашқы омарташылық шаруашылық. Он бес жыл ішінде кәсіпорын өндіріс көлемін жылына 350 тонна балға көбейіп, ірі өндіріс алаңына айналды. Бал өнімдерінен басқа, кәсіпорын бал ара тұқымын шығаратын шаруашылықты да қолға алған. Биыл шаруашылық үлкен көлемде ара ұяларын өткізді. Өсірілген 20 000 ара ұясы Моңғолия мен Ресейге кетті.

 «Қытай жоғары сапалы, экологиялық таза балға қызығушылық танытып отыр. Яғни гербицидтермен өңделмеген, даладағы таза балға. «Пасека» шаруа қожалығының балы сондай өнімге жатады», – деді ШҚО ӨКП палатасының өкілі.

 Жыл сайынғы Қазақстанда өндірілетін бал 2-4 мың тоннаны құрайды. Осы көлемнің үштен бір бөлігі экпортқа кетеді. Бүгінде Қытай нарығының сұранысы жылына 500 мың тоннаны құрап отыр. Экологиялық таза бал Қытайда екі есе қымбат тұрады.

 

Пікір қалдыру:

Пікірлер:

Серіктестер