«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Өңірлік кеңестің мақсаттары мен міндеттері

Аймақтық кеңес аймақтық палатаның бақылаушы органы болып табылады және кәсіпкерлік субъектілерінен, сондай-ақ, әр облысқа республикалық маңызы бар қалалар мен астанаға съездбен бекітілген қауымдастық өкілінен жасақталады.

Аймақтық кеңестің делегаттары тікелей дауыс беру арқылы төрт жылға сайланады.

Аймақтық кеңесті өз құрамынан жасырын дауыс беруі арқылы өкілеттік мерзімге сайланған төраға басқарады.

Аймақтық кеңестің төрағасы президиум мүшесі болуы керек.

Аймақтық кеңес:

  1. Аймақтық палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттестікке ықпал етеді.

  2. Басқару органдарымен қабылданған, бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуына ықпал етеді.

  3. Съезд делегаттарын сайлайды.

  4. Аймақтық палата мен оның филиалдарының жұмысы аясында Ұлттық палатаның мақсатқа жетуі мен міндеттерінің орындалуын қадағалайды.

  5. Аймақтық палатаның ағымдық қызметіндегі экономиканың нақты секторы мен салаларынының қызғушылығының қамтамасыз етеді.

  6. Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде съездге ұсыныс тастайды.

  7. Аймақтық палата мен оның филиалдары басшыларын тағайындауды мақұлдайды.

  8. Кәсіпкерлік мәселелеріне арналған тыңдаулар өткізеді.

  9. Аймақтық палатаның жарғысына сәйкес аймақтық кеңеске жүктелген өзге де мәселелерді шешеді.

 Аймақтық кеңес мүшелері аймақтық палаталар мен филиаладарынан, Ұлттық палатаның заңды тұлғаларынан олардың қызметі жөніндегі ақпарат алуға құқылы. 

Серіктестер