«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекенім» акциясы

2018 жылғы 21 Мамыр
29924 просмотров

«Еліміз мықты, әрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қа­лай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз туралы көзқарас­тарым­ды ортаға салуды жөн көрдім»

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

 

 

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенім» жалпыреспубликалық акциясын бастады.

Акция ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға және қайырымдылық мәдениетін жүйелі дамыту мен әлеуметтік жауапкершілікке бағытталған.

Мемлекет басшысы бағдарламалық мақаласында «Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деп, жалпыұлттық патриотизм жаңғырудың негізгі тетіктерінің екенін анық көрсетеді.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенім» акциясы арқылы бизнестің рөлін талқылауды жандандыруға, оның туған жердің дамуы үшін, жекелеген қайырымылық көмегін көрсетуде әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға ниетті.

Ұлттық палата аталған бағытта кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету үшін бірқатар ұсыныстар дайындады.

БІРІНШІ: Әлеуметтік мәселелер реестрі

Нақты мәселелерді шешуге, жалпы кәсіби қайырымдылықты дамытуға бағытталған атаулы қайырымдылық жобасын жүзеге асыру үшін Әлеуметтік мәселелер реестр жасалады.

Әлеуметтік мәселелер реестрі арқылы қандай да бір көмекке немесе қолдауға мұқтаж азаматтар онлайн-режимде осы тізімге өтінім қалдыра алады. Кәсіпкерлер өтінім-тілектермен таныса алады. Өтінім қалдыратын немесе кері байланысқа тапсырыс беруге болатын арнайы батырма да іске қосылады.

«Атамекен» ҚР ҰКП Павлодар облысының әкімдігімен бірге Екібастұз қаласы мен Шарбақты ауданын мысалға ала отырып, елдімекендер жеке-жеке енгізілген Әлеуметтік мәселелер реестрін дайындады. Оған ауыз су тапшылығы, жол жөндеу секілді бірқатар мәселе енді. Облыстарда және әрбір елдімекенде жекелей атаулы қайырымдылық жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін мәселелерге сұрыптау жүргізу ұсынылады.

Кәсіпкер сол мәселені шешу үшін мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі немесе басқа да тәсілдерді пайдалануы үшін Әлеуметтік мәселелер тізімімен таныса алады.

ЕКІНШІ: Моральдық көтермелеу шаралары арқылы бизнесті ынталандыруды күшейту

«Парыз» мемлекеттік наградасын беру ұсынылып отыр. Награданы берудегі мақсат – қайырымдылық идеясын өрістету мен мәдениетін қалыптастыруға, қайырымдылық бағдарламалары мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, демеушілік көрсетіп, үздік әлеуметтік жобаны іске асыруға, әлеуметтік жауапкершілік ұстанымын енгізуге қосқан үлесін үлесін жоғары бағалау.

«Парыз» байқауының өлшемдерін жетілдіру. Кәсіпорындардың болашақта әлемдік тауар нарығына шығуына ықпал ететін халықаралық стандарттар көрсеткішімен толықтырылуы мүмкін. 

Әлеуметтік мәселелерді шешу саласындағы кәсіпкерлік және т.б. үшін «Үздік әлеуметтік кәсіпкер» аталымын енгізу.

Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, қайырымдылық қызметі барысында өздері жасаған әлеуметтік инфрақұрылымға кәсіпкерлердің есімін беру ұсынылады.

ҮШІНШІ: Қайырымдылықты ынталандырудың экономикалық шаралары

Салық кодексінде Кәсіпкер қызметінде әлеуметтік, экономика және экология салаларындағы  жобаларды жүзеге асыру немесе қатысу арқылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шараларын ерікті түрде қолдану бойынша белгілі бір жеңілдіктер қарастырылған.

Ірі салық төеушілер мониторингіне еннген салық төлеушілер – салық салынатын табыстан 3%- дан аспайтын жалпы сома көлемінде,

Жоғарыда аталған салық төлеушілерден бөлек салық төлеушілер – салық салынатын табыстан 4 %-дан аспайтын жалпы сома көлемінде

Бүгінде жеңілдіктерді пайдаланудың қолданыстағы механизмдерінің тиімділігі, қайырымдылықтың қоғам дамуына әсері туралы бағалау мен мониторингі қажет.

«Атамекенім» акциясы арқылы осы мәселеге қатысты ұсыныстар мен кеңестерді айтуға болады.

ТӨРТІНШІ: Кәсіпкерлік зердені дамыта отырып жаппай кәсіпкерлікке оқыту

«Атамекен» ҚР ҰКП 2017-2020 жылдары «Бастау Бизнес» жобасы арқылы 15 000 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға кәсіпкерлік негіздерін оқытуды жоспарлап отыр. Қатысушылардың кемінде 3 мыңы жеке кәсібін ашуы керек.

«Бастау Бизнес» республиканың барлық өңірінде жүзеге асырылып отыр. Алғашқы үш лектің қорытынды бойынша 7835 адам білім алды, оның 4986-сы бизнес-жоспарларын қорғады. 1374 қатысушы жылдық мөлшерлемесі 6%-ды шағын несие арқылы жеке кәсіптерін ашып, бизнестерін ұлғайтқандары да бар.

Бизнеске оқыту кәсіпкерлік қызмет секілді прагматизм қағидасына негізделген. Елбасы мақаласында «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаң­ғыру­ларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады» деп көрсеткен. Сондықтан кәсіпкерлік тұрғысынан ойлауды қалыптастырған маңызды.

Ұлттық палата 10-11 сыныптардың мектеп бағдарламасы «Кәсіпкерлік пен бизнестің негіздері» пәнін қосуға бастама көтерді. Бүгінде мектеп бағдарламасы әзірленді, оқулық дайындау мен педагогтардың біліктілігін арттыру жұмысы жүріп жатыр. Аталған пән жас ұрпақты мектептен бастап кәсіпкерлікке баулуға, қаржылық сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді. Оқулықпен қатар пән негізіне айналатын оқыту порталын дайындау жұмысы атқарылуда.

«АТАМЕКЕНІМ» АКЦИЯСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ АЛАҢЫ

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Facebook әлеуметтік желісінде жалпыға ортақ «Атамекенім» тобын ашты. Бұл топ әлеуметтік жауапкершілік танытып, қоғам мәселесін шешу үшін атсалысуға дайын, кәсіпкерлер мен азаматтарға арналған.

Акция мен форумның қорытындысы бойынша «Атамекен» бизнесті әлеуметтік жауапкершілік танытуға ынталандыру бойынша ұсыныстар топтамасын әзірлеп, Үкіметтің қарауына береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер