«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«АТАМЕКЕН» және USAID келіссөз жүргізді

2020 жылғы 21 Ақпан
4669 просмотров

ҰКП Қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс департаментінің директоры-Басқарушы директор Ербол Өстеміров қонақтарға сәлем беріп, аталған жоба Орта Азия елдерінде және Қазақстандағы кәсіпорындарды қолдауға бағытталғанын атап өтті. Оған қатысу кәсіпкерлерге бәсекеге қабілеттілікті арттыру, оқыту арқылы жұмыскерлердің дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді

USAID кәсіпкерлікті және бизнес-ортаны дамыту жөніндегі жобасы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстандағы экономика салаларын дамытуда қолдау көрсетуге арналған. Жобаны іске асыру мерзімі: 2019 жылдың қазанынан бастап 2024 жылдың қыркүйегіне дейінгі аралық. 
Жоба өкілдерінің айтуынша, бәсекеге қабілеттіліктен басқа осындай өзара қарым-қатынастың нәтижесі кәсіпорындар мен жеке компаниялар өнімділігінің өсуі, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының құрылуы болмақ.
USAID-тың кәсіпкерлік және бизнес-ортаны дамыту жөніндегі жобасының жетекшісі Филип Мирославов жоба туралы толығырақ ақпарат берді. 

«Қазақстанда жоба келесі секторларда жұмыс істейтін болады: коммуникациялық және ақпараттық технологиялар, жеңіл өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі және туризм. Жобаның іске асуы кәсіпорындардың экономикалық дамуын тежейтін кедергілерді алып тастауға, заңнамалық нормаларды өзгерту арқылы бәсекеге қабілеттілікті және сауданы дамытуға, кәсіпкерлерге, соның ішінде әйелдер мен жастарға консалтингтік қызмет көрсету және оқытуға ықпал етеді», - деді Филип Мирославов.

Осылайша, аталған жобаның негізгі мақсаты кәсіпкерлік саласын дамытуға, заңама нормаларын жақсарту және инвестиция мен сауда дамуына бизнес-ортаны жақсартуда атсалысу болып табылады. 
USAID жобаны үш компонент бойынша іске асырады. Біріншісі - мақсатты нарықтарды кеңейту арқылы компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Екіншісі - жаңа жұмыс орындарын құру, үшіншісі - бизнес-ортаны жақсарту - әлемдік практикаларды зерттеу.

"Бизнес-ортаны жақсартуда барлық үш компонент бойынша өнімді ынтымақтастық болады деп ойлаймын. Бұл жұмыс қазіргі таңда біз мемлекеттік органдармен қолға алып жатқан реформаларды, соның ішінде бизнестің түйткілді мәселелерін шешуді тиімді жүргізуге көмектеседі", - деді Ербол Өстеміров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер