«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық кәсіпкерлерге Сербияның жетекші компаниялары тегін вебинарлар өткізеді

2021 жылғы 27 Қаңтар
2214 просмотров

27-29 қаңтар аралығында шағын және орта бизнес өкілдеріне сербиялық әріптестердің вебинарлары тегін ұсынылады

 Тәжірибемен алмасу Euroconsultants S.A грек консалтингтік компаниясының «Атамекен» ҚР ҰКП және «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт орталығы» АҚ-пен бірлесуімен іске асырылуда.

 Вебинарлар шеңберінде:

 -Сербияда жеткізушілер қызметін дамыту бағдарламасын іске асыру нәтижесі. Сербияны дамыту агенттігі (РАС) тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және экспортты ынталандыру саласындағы бизнесті қолдау туралы ақпарат береді;

- экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істейтін 12 сербиялық компания өз бизнесі, өнімдерінің сапасына қатысты презентацияларын өткізеді және сұрақтарға жауап береді;

- Сербиядағы Қазақстанның Елшілігі қазақстандық компанияларға Сербияға өнім экспорттау мәселелерінде көмектесетін «Достық» серб бірлестігі туралы айтып береді.

 Төмендегі кестеден сізге қызықты болатын тақырыптарды, ыңғайлы уақытты таңдауға болады:

уақыты

тақырып

сілтеме

сипаттама

Екі тілде: орыс тілі  және ағылшын тілі

Сәрсенбі, 27 қаңтар 2021

 

 

14:30 – 15:30

  «Entero» компаниясының таныстырылымы

 

Вебинар ID 895 1735 3820

тіркеу мында

Сайт: www.entero.rs

Жиһаз өндіруші.

Нарықта 40 жылдан астам уақыт, 5000 м2 өндірістік алаң, заманауи өндірістік жабдықтар, жоғары білікті ағаш шеберлері мен инженерлер, 95 пайыз экспортқа бағытталған ... сербиялық ШОБ-тың 30 үздігі қатарында

 

15:30 – 16:30

 «Perfom» компаниясының таныстырылымы – металл өңдеу

Вебинар ID 856 2585 1107

тіркеу мында

Сайт: www.perfom.rs

Металл түрлерін өндіреді

 

16:30 – 17:30

  «INM» компаниясының таныстырылымы – металл өңдеу

Вебинар ID 894 0041 7947

тіркеу мында

Сайт: www.inm-arilje.com

Гофра кескіндері

Компания тұрақты өсіп келеді. Өндірістік қуаттылықты дамытуда да, жаңа өнім шығаруда да, қызмет аясын кеңейтуде және жұмысшылар санын көбейтуде де қарқын бар. Кәсіпорын Сербия нарығында танымал және шетелде танылып, өз өнімдерін экспорттауда.

Бейсенбі, 28 қаңтар 2021

 

 

14:30 – 15:30

  «Termovent SC»     компаниясының таныстырылымы 

Вебинар ID 849 8791 4985

тіркеу мында

 

Сайт: www.termoventsc.rs

TERMOVENT SC компаниясы, өнеркәсіпте және жылу энергетикасында қолданылатын өндірістік құбыр клапандарының жетекші өндірушісі. Нарықта 50 жыл бойы жұмыс істейді.

15:30 – 16:30

«BUCK»  компаниясының таныстырылымы  

 

  «EDe Pro» компаниясының таныстырылымы 

Вебинар ID 864 7716 4091

тіркеу мында

 

Вебинар ID 829 5818 5195

тіркеу мында

 

Сайт: https://buck.lighting/ru/

Жарықтандыру қызметі

 

www.edepro.com

 

 

 

EDePro оқ-дәрілерді және қорғаныс техникасын жаңартуды, дамытумен, өндірумен және жаңартумен, сондай-ақ бұршақ жаңбырдан қорғауда жоғары технологиялық шешімдерді қолданумен, сонымен қатар басқа да азаматтық қосымшаларды әзірлеумен айналысады.

16:30 – 17:30

  «Atenic Commerce» және-немесе «Unipromet» компаниясының таныстырылымы 

Вебинар ID 876 5849 4399

Тіркеу мында

Сайт: http://www.atenic-commerce.com/

Компания 1991 жылы құрылды. Қызмет саласы – қара және түсті металлургия тауарларын көтерме бағада сату.

Сайт: https://unipromet.co.rs/

1989 жылы құрылған «Юнипромет» компаниясы жол тосқауылдар, шудан қорғау панельдері, бүктелген құбырлар мен түрлі болат құрылымдар үшін қауіпсіздік жүйелерін шығаруға және орнатуға мамандандырылған жеке, отбасылық компания 

Жұма, 29 қаңтар 2021

 

 

14:30 – 15:30

  «РАС» Сербияны дамыту агенттігі» компаниясының таныстырылымы 

Вебинар ID 883 9757 3229

Тіркеу мында

Сайт: www.ras.gov.rs

РАС – Сербияның тартымдылығы мен беделін арттыру және экономикалық, аймақтық дамуды жеделдетуде тікелей инвестицияларды қолдау, бәсекеге қабілеттілік және экспортты ілгерілету, сондай-ақ жобаларды басқару сияқты көптеген қызмет түрлерін ұсынатын мемлекеттік ұйым.

15:30 – 16:30

 «Gosa Montaza» компаниясының таныстырылымы 

Вебинар ID 890 8769 9068

Тіркеу мында

Сайт: www.gosamontaza.rs

ГОША МОНТАЖА болат конструкцияларды монтаждауда 96 жыл, қондырғыларды өндіруде 26 жыл тәжірибесі бар компания. Қызметтердің толық спектрі жұмыс құжаттамасын жобалау және әзірлеу, жабдықтар мен темір конструкциялардың барлық түрлерін жасау, автокөлік құралдарын монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жалға беру және механикаландырудан тұрады.

16:30 – 17:30

Сербиядағы Қазақстанның Елшілігі қазақстандық компанияларға Сербияға экспорттау мәселелерінде көмектесетін «Достық» серб бірлестігінің ақпараты мен таныстырылымы

 

Вебинар ID 810 4905 6312

Тіркеу мында

 

17:30

Аптаны аяқтау, сұрақ-жауап

Презентациялар арасында 10 минуттық үзіліс болады

Қосымша ақпарат қажет болса жоба ассистенті Әсем Сапароваға хабарласуды сұраймыз: A.Saparova@euroconsultants.com.gr, тел: +7 702 218 8116.

 Анықтама үшін: «Euroconsultants S.A – Branch of Kazakhstan» халықаралық консалтинг компаниясы «QazIndustry» Қазақстан индустрия және экспорт компаниясы» АҚ жән «Атамекен» ҚР ҰКП-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Дүниежүзілік банктің қолдауымен іске асырылған «ШОБ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» жобасы аясында Қазақстанда жеткізушілерді дамыту жобасын жүзеге асырып жатыр.

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер