«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бастау Бизнес» түлегі Алматы облысы әкімі сыйлығының жеңімпазы атанды

2021 жылғы 30 Қараша
- Жетісу облысы
4700 просмотров

Жас кәсіпкер, «Бастау Бизнес» жобасының түлегі Жанат Тәттібаев Алматы облыс әкімінің «Көшбасшы - 2021» сыйлығының «Үздік кәсіпкер» аталымы бойынша лауреаты атанды.

 Облыс әкімінің жыл сайынғы жастарға арналған сыйлығының марапаттау рәсімі 29 қазанда Талдықорған қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілеповтың қатысуымен өтті.

28 жастағы кәсіпкер табысты іске асырылған жобалары үшін лайықты марапатқа ие болды. 2018 жылы ол Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының мамандары көмегімен Кеген ауданы Қарқара ауылында 25 орындық «Хасан» балабақшасын ашты.

 Содан кейін Жанат  «Бизнес Кеңесші» жобасы бойынша білім алып, құс фабрикасын ашуға 3 млн теңге грант алды.

 Былтыр кәсіпкер жеке қаражаты есебінен Кеген ауылында тез тамақтану мейрамханасын ашты.

 «Бұл сыйлық – алға қарай ұмтылуға жігер береді. Менің барлық жобам арнайы бағдарланған. Жобаны іске асырмас бұрын тұрғындарға, өңірге не жетіспейді деп нарықты зерттейтінмін, ақылдасамын. Алға қойған жоспарым көп», – деп бөлісті кәсіпкер.

Бүгінге Кеген ауданында шағын және орта бизнестің 2571 субъектісі жұмыс істейді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер