«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Денсаулық министрлігі «Атамекеннің» оқу орындарының жұмысына қатысты ұсынысын қолдады

2022 жылғы 19 Қаңтар
5993 просмотров

Бүгін Ұлттық палатаның қазіргі карантин кезіндегі оқу орындарының жұмысына қатысты ұсынысын Денсаулық сақтау министрлігі мен ВАК қолдады. Бұл туралы Ұлттық палата басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев Facebook парақшасында жазды.

«Денсаулық сақтау министрлігі мен ведомствоаралық комиссия «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Білім және ғылым министрлігінің оқу орындарын дәстүрлі форматта іске қосу туралы ұсынысын қолдады», – деп жазды Олжас Ордабаев.

Сонымен, оқу орындары былай жұмыс істейді:

  • мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініштері бойынша («қызыл», «сары», «жасыл» аймақтарда);
  •  жалпы білім беретін мектептерде 600 оқушыға дейін;
  •  жалпы білім беретін мектептерде 600ден астам оқушы -жүктемесі мектептің жобалық қуатының 50%-ынан аспайтындай;
  • жалпы білім беретін мектептерде – бастауыш 14 сыныптар (халықаралық мектептердегі 5-6 сыныптарды қоса алғанда);
  • мектептен тыс ұйымдарда – жеке сабақтар, топтық сабақтар – 15 адамға дейін, мүмкіндігі шектеулі балаларға/ересектерге арналған түзету кабинеттерінде (орталықтарында) – 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар;
  • колледждер мен жоғары оқу орындарында аралас форматта: практикалық, зертханалық, семинарлық сабақтар, өндірістік практика – икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәрістер – онлайн.

Сондай-ақ, ВАК көрме ұйымдарының жұмысын қолдады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер