«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сотталған тұлғаларды еңбекке баулу – әлеуметтік маңызды мәселе

2025 жылғы 12 Қараша
- Шымкент қаласы
295 просмотров

Қоғамды ізгілендіру мақсатында сотты болған тұлғаларды жұмыспен қамту, қоғам өміріне қайта жұмылдыру бағытындағы жұмыстар маңызды саналады.

Осы мақсатта Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №53 мекемесіне жұмыс сапары ұйымдастырылды.

Шымкент қалалық Кәсіпкерлер палатасының, қалалық әкімдіктің өкілдері және жергілікті кәсіпкерлерден құралған топ түзету мекемесінің бос тұрған өндірістік нысандарын аралады.

«Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – мекеме аумағында кәсіпорын немесе цех секілді жұмыс орындарын ашу мүмкіндігімен танысу. Кәсіпкерлер палатасының жанындағы салалық кеңестердің мүшелерін хабардар етіп, қызығушылық танытқан кәсіпкерлермен бірге келдік. Бизнес қоғамдастық өкілдері өздерінің жобаларына қолайлы орындармен танысып, алдағы уақытта өндірісті ашу мүмкіндікдерін қарастыратындарын мәлімдеді. Мекеме басшысы жұмыс орындарын ашуға жағдай жасалғанын мәлімдеп отыр», – деді Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова.

Кәсіпкерлер сотты болған тұлғаларды алдағы уақытта өз өндірістерінде жұмыспен қамту  мүмкіндіктермен танысты. Өндіріс орындар ашу үшін №53 түзету мекемесінде жаңадан салынған, жалпы алаңы 700ш.м., жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған ангар кәсіпкерлердің назарына ұсынылып, пайдалану шарттары түсіндірілді. Киім және аяқ киім, ағаш пен темір өңдеу өндірістері бар кәсіпкерлер ангарда өз кәсіптерін ашуға қызығушылық танытты.

Жауапты мамандар істі болған азаматтарды еңбекке баулу, қайта әлеуметтендіру және мекеме базасында жаңа өндіріс бағыттарын дамыту бойынша тиісті жұмыс жалғасатынын мәлімдеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174