«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаралыстан қайтыс болған жұмысшының отбасына 3 млн теңге төленеді

2018 жылғы 20 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
4341 просмотров

Май зауыты басшылығы оқыс жағдайдан зардап шеккен отбасыларға өтемақы төлеу туралы бұйрық шығарды

Алдын ала ақпаратқа сәйкес 2017 жылдың желтоқсанында кәсіпорындағы қазандықтың бу құбырлары жарылу салдарынан қайтыс болған  жұмысшының отбасына 3 млн теңге өтемақы төленеді.

Айта кетелік, аталған қайғылы жағдай «Усть-Каменогорский маслозавод» ЖШС-ның қазандық цехында болған. Соның нәтижесінде қазандық учаскесінің маманы Борис Катаев беті, қол-аяғы күйіп, дәрігерлер ер адамның табанының бір бөлігін кесіп тастауға мәжбүр болды. Ал бу қазандықтарына жауапты машинист 40 жасар Алексей Столяров денесін 70% күйік шалып, ажал құшты.  

 «Зауыт басшылығы және ұжым Алексей Столяров жақындарына қайғырып көңіл айтады. Бұл біз үшін ауыр жағдай. Ол өте мейірімді, елгезек, еңбеққор жан еді», – деді кәсіпорын директоры Илья Батов.

 Аталған оқиға орын алғаннан бастап, кәсіпорын жетекшілігі зардап шеккендерге көмек көрсетіп келеді.

 «Төтенше жағдай болған күннен бастап, қаза болған азаматтың жұбайы – Олеся Кравченкоға 200 000 теңге көлемінде шұғыл қажеттіліктерге арнап материалдық көмек көрсетілді. Алексей ауруханада жатқан уақытта емге қажетті барлық медициналық препараттар алынып, қызметкерлер еркін түрде Қан орталығына қан өткізді. Соңында отбасыға салмақ түспесін деп, кәсіпорын  жерлеу рәсіміне кеткен 200 000 теңге сомасын құраған шығындарды, сонымен қатар ресторанда өткізілген екі асқа жұмсалған 126 000 теңге шығындарды толығымен көтерді», – деді кәсіпорын директоры.

 Айта кетелік, төтенше жағдай зардаптарынан кейін кәсіпорын жөндеу жұмыстарын жүргізіп, бір ай көлемінде өндірісті тоқтатқан болатын.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер