ШҚО Өңірлік іскер әйелдер кеңесі
Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі Өңірлік кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
Кеңестің басты міндеті – іскерлік ортада белсенділігін арттыру мақсатында әйелдерді бір одаққа біріктіру. Кеңестің өз алдына қойған басты мақсаты – қыз-келіншектерді мүмкіндігінше кәсіпкерлікке тарту.
Кеңестің міндеті:
- 
	
Кәсіпкер әйелдің экономикалық белсенділігін ынталандыру;
 - 
	
Әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамыту, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
 - 
	
«Іскерлік әрі әлеуметтік белсенді әйел» мәртебесін жоғарылату;
 - 
	
Әйелдерге арналған жаңа жұмыс орындарын ашу, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамту жағдайында да жұмыс орнымен қамтамасыз ету;
 - 
	
Бизнес ортада гендерлік тепе-теңдік.
 
 
                                                                                    Березинская-Абилова Елена Николаевна
Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы
Березинская-Абилова Елена Николаевна – Шығыс Қазақстан облыстық Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы.
1971 жылы Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында туған.
- 
	
1993 жылы Новосибирск Кеңестік кооперативтік сауда институтын «Азық-түлік емес тауарларының тауартануы» мамандығы бойынша бітірген.
 - 
	
2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы, экономист біліктілігі бойынша бітірген.
 - 
	
Еңбек қызметін 1993 жылы «Киім» АҚ-ында қатардағы сатушы болып бастады, содан кейін дүкен меңгерушісі және коммерциялық директор болып жұмыс істеді.
 - 
	
2006-2008 жж. – ӨМЗ Мәдениет сарайы директорының орынбасары.
 - 
	
2010-2013 жж. – «Ақса» ЖШС-нің ШҚО бойынша «Ақсай-нан-Өскемен» филиалының директоры.
 - 
	
2013 -2014 жж. – «Устинка плюс» газетінің редакциясы» ЖШС директоры.
 - 
	
2014-2015 жж. – Өскемен қалалық әкімдігі «Шаһар» ЖШС директоры.
 - 
	
2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін - Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі «Шаһар» ЖШС директорының м.а.
 - 
	
Қазіргі уақытта – «Авангард-инфо» ЖШС-нің жалғыз құрылтайшысы және директоры, сонымен бірге «Регион Press» газетінің меншік иесі.
 

                        