«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Теңгенің кенет девальвациялануы Қазақстанға көмектесті ме?

2016 жылғы 19 Қаңтар
14006 просмотров

Қаржыгер Мұрат Темірханов Forbes.kz оқырмандарына осы сауал төңірегіндегі жауабын ұсынып отыр

Негізі біреудің пікіріне сын айтпауға тырысамын, себебі әркімнің ойын айтуға құқысы бар. Алайда бұл мақаланы жазуға Олжас Құдайбергеновтың тақырыпқа алынып отырған мәселе бойынша телевизиялық дебатқа шақыруы мәжбүрлеп отыр. Ол бірден кәсіби түрде қарсы пікір айта алатын сарапшылардың қатысуының қажет еместігін алға тартты.  

Бүгінгі таңда, халық және ұлттық компаниялардағы қаржылық ахуалдың күрт нашарлау жағдайында кенет орын алған девальвация мен ұлттық валютаның еркін бағамы жалпы қажет болды ма деген мәселе туралы даулар көбейіп кетті. Осы толқында баспасөз бен әлеуметтік желілерде девальвацияны қалай тоқтатуға болатынын және тіпті мұнай бағасы түсіп бара жатса да экономикамыздың өсуін (яғни халықтың әл-ауқатын өсіруді) қайтару жолын білеміз деп мәлімдеп жүрген арзан атаққұмарлар қатары артып келеді.

Түйткіл әртараптандырудың жоқтығында

Өкінішке орай, біздің шикізаттық (әртараптандырылмаған) экономикамыз жағдайындағы ақиқат – мұнай бағасы түсіп бара жатқанда теңгенің девальвациясы міндетті түрде жалғаса береді, ал халық пен бизнестің жағдайы нашарлай береді. Бұл кез-келген ашық әрі нарықтық экономика үшін анық та айқын ақиқат және елімізде бұған дауласқысы келетіндердің болуы таңқалдырады. 

Әрине, Ұлттық қорда жинақталған мұнайдан түскен доллардың арқасында девальвация процесін одан әрі де тоқтата тұруға, яғни халықтың әл-ауқатын жасанды түрде ұстап, әлеуметтік шиеленісті төмендете тұруға болар еді. Бірақ бұл игі ниетпен көмкерілген тозаққа апарар тіке жол болар еді.

Мұнай бағасының құлдырауы жағдайында теңгенің табиғи девальвациясын ұстап тұру басты екі дүниені білдіреді: елдегі валюта қорын (Ұлттық қордан тұратын) жағып жіберу және экономикадағы теңгерімсіздікті жинақтау (сабын көпіршігін үрлеу). Ұлттық қордағы валюталық қорымыз шексіз емес, әрі ол аяқталғаннан кейін экономикада жинақталған теңгерімсіздіктердің бәрінің жарылысы орын алар еді. Осыдан кейін Қазақстан үшін өте ауыр болған 90 жылдар жұмақ боп көрінер еді.  

Бір айта кететіні, Қазақстан экономикасында «шағын жарылыс» 2015 жылғы 20 тамызда теңге еркін айналымға жіберілгенде орын алған еді. Осыдан кейін экономикалық билік зәресі кетіп, девальвацияны жасанды түрде тоқтата бастады. Алайда бұл мұнай бағасы түсіп бара жатқанда өзіңе өзің өлім жазасын кесумен бірдей. Ақырында мұндай шешім Ұлттық банк басшысының ауысуына алып келді. Осыдан соң тағы бір «шағын жарылыс» орын алды (валюта бағамының тияқнақталғаннан кейін түзетілуі).

Теңгемен арада болып отырған қазіргі жағдайды оның бағамын Ұлттық банк тарапынан іргелі факторларға сәйкес келетіндей етіп жасанды түрде жасақталуы деп атауға болады. Біз үшін іргелі факторлардың бастысы мұнай бағасы болып табылады. Яғни мұнай бағасы төмендеген жағдайда теңге одан әрі құнсыздана бермекші. Валюта биржасында орын алып отырған жайтқа қарағанда, Ұлттық банк енді девальвация реттеуші пікірінше шамадан тыс жылдамдық алған кезде ғана килігетін болады.

Іргелі факторлар жайлы бір ауыз

Іргелі факторлардың ұлттық валюта бағамына қалай әсерін тигізетінінен хабарсыз оқырмандар үшін мұны қарапайым тілмен түсіндіріп кеткім келеді.

Экспортымыздың басым бөлігі шикізат немесе одан жасалған өнімдерді сатудан тұрады. Табиғи ресурстарды өндірумен байланысы жоқ экспорт үлесі шамалы ғана. Яғни шикізат бағасы қатты түскенде экспорттан алынатын түсім тез арада және қатты түседі. Ал экспорт пен импорт арасында теңгерімсіздік туындайды, сонымен қатар мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері төленіп отырған мемлекеттік бюджет табысы қатты құлдырайды.

Нарықтық заңдармен әрекет ететін ашық экономикада мемлекеттік қаржыдағы мұнай бағасының төмендеуі нәтижесінде туындаған осындай теңгерімсіздік автоматты түрде түзетіледі. Осылайша экспорттық түсім құлаған кезде нарықта валютаның ұсынысы күрт азаяды, алайда импортшылар валютаның сол бұрынғы көлемін сатып алатын болады. Осының салдарынан нарықта валютаға деген сұраныс ұсыныстан едәуір асып түседі де, осының салдарынан валюта кенет қымбаттап кетіп, нәтижесінде валюта күрт қымбаттайды, ұлттық валюта құнсызданады.

Ұлттық валюта девальвациясынан кейін халық пен бизнес үшін импорт қымбаттайды да, бұл ақырында оның көлемін төмендетіп, экспортпен теңгерімге әкеледі. Девальвация сонымен қатар экспортшылардан алынатын мемлекеттік бюджет табысының (ол қашан да ұлттық валютамен беріледі) экспорттық валюталық түсіммен салыстырғанда әлдеқайда төмен пропорцияда түсуіне әкеліп, ел бюджеті тапшылығын басқаруды жеңілдетеді.

Осылайша, мұнай бағасы түсіп бара жатқанда ұлттық валютаның мұндай автоматты түрдегі нарықтық девальвациясы мемлекеттік қаржының теңдесуіне алып келеді. Ал біздің импортқа тәуелді экономикамыз жағдайында бұл сонымен қатар инфляцияның кенет өсуі мен халық пен бизнестің әл-ауқатының төмендеуін білдіреді.

Нарықтық қағидалармен әрекет ететін шикізаттық және импортқа тәуелді экономикада шикізат бағасының төмендеуі мен халықтың әл-ауқатының төмендеуі арасында тікелей байланыс болады. Бұдан шикізатты сату экспорттау болмашы ғана бөлікті алатындай экономиканы әртараптандырғанда ғана жалтаруға болады. Алайда бұл мүлдем басқа мәселе.

Теңгенің ағымдағы бағамына келер болсақ, Halyk Finance аналитиктерінің есептеуі бойынша, мұнайдың бір баррелі $30 деңгейінде болған жағдайда ұлттық валютаның ағымдағы деңгейі мемлекеттік қаржыны экономикамыз құзға құламайтындай деңгейде азды-кем теңдестіруге мүмкіндік береді. Егер мұнай бағасының төмендеуі жалғаса беретін болса, девальвациядан құтыла алмаймыз. Бұл жағдайда теңге бағамының тереңге жеткен кезі емес, мұны мұнай бағасының қашан жасайтыны маңызды.     

Аздаған деректер

Теңгенің құнсыздануын жасанды түрде ұстап тұру елдегі валюта қорының жедел түрде жанып кетуіне әкелетініне (бұл ақырында катастрофаға бастайды) қатысты дәлел ретінде Дүниежүзілік банктің бір-екі ай бұрын жарияланған құжаттарындағы бір-екі кестені келтіре кетейін.

2015 жылдың тамыз айында теңге еркін бағамға жіберілгеннен кейін мемлекет басшысының бір жыл ішінде теңге бағамын тиянақтауға 28 млрд доллар сомасындағы валюта қорының жұмсалғанын жариялағанын еске салмын (2014 жылы $18 млрд және 2015 жылы $10 млрд). Ол кезде аталмыш көлемді сома көптеген сарапшылардың түсінбеушілігін тудырған еді. Атап айтқанда, осы Олжас Құдайбергенов әлеуметтік желіде президентке қолдағы сандарымен оны жаңылыстырғанын дәлелдеуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Алдымен теңгенің долларға шаққандағы тепе-тең бағамы (кестеде қоңырмен белгіленген) мен іс жүзіндегі бағам (жасылмен көрсетілген) арасындағы айырмашылықты көрсететін кестеге түсінік беріп кетейін. Тік шкаланың бағам емес, бағамның өзгеру коэффициенті екеніне назар аударыңыздар. Сондай-ақ тепе-теңдік деп мемлекеттік қаржы жоғарыда сипатталғандай теңдестірілген жағдайдағы бағам меңзеледі.  

Кестеден көріп отырғанымыздай, 2014 жылғы ақпан айында жүргізілген девальвация ақымақтық болыпты. Бұл оқиға кестеде кестелердің соңғының алдындағы қиылысуы түрінде көрсетілген, онда жасыл жолақ (іс жүзіндегі бағам) қоңырдан (есептелген тепе-тең бағам) кенет төмендеп кеткен. Бұл девальвация үлкен әрі ол кезде қажетсіз артық шамамен жасалып, Ұлттық банк саясатына деген сенімге нұқсан келтірді.

Осыдан кейін 2014 жылдың екінші жартысында мұнай бағасы жылдам құлдырап, осының нәтижесінде тепе-тең бағам (мемлекеттік қаржы теңгерімді болып қала беретін) қатты құнсызданып, Ұлттық банк келесі бір сәттік девальвацияны жүргізуге бара алмай, бағамды тиянақтауды жалғастыра берді. Осының салдарынан іс жүзіндегі және тепе-тең бағам арасында түпсіз тұңғиық пайда болды. Кестеде бұл оқиға кестелердің соңғы қиылысуы түрінде көрсетілген. Онда қоңыр жолақ күрт жасылдан төмен түсіп кеткен.

2015 жылғы тамыз айына дейін бағамды тиянақтау нәтижесінде, қарапайым тілмен айтқанда, экспорт пен импорт арасында аса зор теңгерімсіздік туындады (импорт көлемі эксопрттан асып түсті), және де ол валюта қорын жұмсау есебінен қаржыландырылды. Halyk Finance аналитиктері жүргізген есептеулер бойынша, осы кезең ішінде Қазақстанның халқы ғана Ресейден бейресми түрде $11 млрд тауарын импорттаған.

Енді 2014 жылғы ақпан айындағы девальвация сәтінен бері елдегі валюта қорының қалай өзгергеніне көз жүгіртейік (Ұлттық қорды қосқанда). Төменгі кестеде көк түспен Ұлттық қордың валюта активтері көрсетілген. Сарғылт түсте – Ұлттық қордың алтын қоры. Жасыл және күлгін түстермен (жинақ түрде) Ұлттық қордың ресми валюта қорлары белгіленген. Онда жасыл түспен (Дүниежүзілік банк белгілеуімен) сапалы валюта қорлары көрсетілген, оларға қарсы ешқандай міндеттеме жоқ. Ал күлгін түспен сапасыз валюта активтері көрсетілген, Ұлттық банктің оған қарсы бұл ақшаны банктер мен басқа да ұйымдарға, Қазақстан резиденттеріне қайтару міндеттемесі бар.

Бұл кестеге түсінік бермей тұрып, Ұлттық банкте осы сапасыз қордың қалай пайда болғанын түсіндіріп кеткім келеді. Реттеушінің қаржылай есебін негізге ала отырсақ,  2014 жылдың соңында күлгін түске боялған сомадан аз дегенде $10 млрд банктер мен Ұлттық банк арасындағы валюта айырбасынан тұрған.

Депозиттерді долларсыздандырудың жоғары санаты нәтижесінде банктерде доллардың артық көлемі мен теңгедегі ақшаның осыған ұқсас жетіспеушілігі орын алды (әлі де бар). 2014 жылдың екінші жартысында мұнай бағасы төмендеуі салдарынан Ұлттық банк еш ауыртпалық салынбаған валюта қорларын жұмсауды күшейте бастады. Ол банктерден валюталық депозиттерді ала отырып, осы депозиттерге кепілге теңге беріп, орнын толтырды. Бұл да Ұлттық банк жасаған ақымақтықтың бірі болды, себебі теңге екінші деңгейдегі банктерге ақылға сыймайтын жылдық 3 пайызбен берілді. Бірақ біздің оқиға – басқа дүние жайлы.

Банктердегі валюта депозиттері айырбас операциялар бойынша шектеулі мерзімге ие және Ұлттық банк бұл ақшаны қайтаруға тиіс болады. Осыған байланысты елдегі шынайы валюта қоры Ұлттық қордың активтері, Ұлттық банктегі алтын мен сапалы қорлар болып табылады. Ендігі жерде, кестеден күлгін түсті алып тастар болсақ, 2014 жылғы маусым айынан бастап жұмсалған 28 млрд доллардың қайдан келгені жақсы көрініп тұр. Сонымен бірге осы уақыт бойында толықтыру сомасының бірнеше есе азайғанына қарамастан, Ұлттық қордың толығуын жалғастырғанын ескеру керек.

Қорытынды

Сонымен, кенет жасалған девальвация елімізге көмегін тигізді ме? Оған күмән жоқ! Кестеден көргеніміздей, 2015 жылғы тамыз девальвациясы теңгенің тепе-тең және іс жүзіндегі бағамындағы аса зор айырманы едәуір қысқартты. Нәтижесінде мемлекеттік қаржы теңгерімделіп, валюта қорын жедел жұмсау тоқталды. Бұл еліміз үшін аса маңызды. Кері жағдайда көлемді катастрофаға әкелер еді.

Басқа да жолдары бар ма еді? Бір ғана жол – теңгенің тепе-тең және іс жүзіндегі бағамы арасындағы айырманы бір сарынмен қысқарту. Алайда мұнда 2014 жылғы маусым мен 2015 жылғы тамыз арасында экономикалық биліктің 28 млрд долларды жұмсап жібергенін еске түсіру керек және мұны тез арада тоқтату керек еді. Кенет жасалған девальвация салдарынан бәрімізге де оңай болмады. Оған экономикалық билік кінәлі, басқа ешкім де емес. Көптеген қымбат қателіктерді жасағандар да солар. «Бақуатты» жылдары нарықтық ақша-кредиттік саясатқа көше алмады және экономикамызды әртараптандыра алмады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер