«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мәселе заң жүзінде шешімін тапты

2016 жылғы 19 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
2610 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Зайсан аудандық филиалының араласуымен жеке кәсіп иесі Гүлнәр Чекетаеваның мәселесі жедел шешімін тапты.

Кәсіпкер 2014 жылдан бастап өз кәсібін дамытуға байланысты толғандырып жүрген сауалдарға толық жауаптар мен ақыл-кеңестер алып, 2015 жылдың қазан айында лизинг бойынша «Камаз» маркалы автокөлігін алуды ұйғарып, Палата филиалы мамандарының сүйемелдеуімен құжаттарын өткізген.

Алайда, лизингтік компанияның шарттары өзгеріп, автокөлік бағасының көтерілуіне байланысты Г.Чекетаева 2016 жылдың сәуір айында автокөлікті алудан бас тартқан. Өкінішке қарай, кәсіпкер, құжаттарды жинап өткізу барысында алдын ала төлеген 3 174 000 теңгені қайтаруда және өз меншігіндегі кепілге қойған коммерциялық нысанды босатуда қиындыққа жолыққан. Осы орайда Палатаның Зайсан аудандық филиалының көмегіне жүгінген жеке кәсіпкерге сауатты түрде құқықтық жәрдем беріліп, заң жүзінде мәселесі шешіліп берілді. Бүгінде кәсіпкер түйткілін тарқатудағы жедел қимылы үшін филиал ұжымына ерекше алғысын білдіруде.

Оның айтуынша Палатаның аталған филиалы кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы аймақтық бағдарламалардың орындалуы, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнама бойынша сұрақтар жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қысқа мерзімдік оқыту бағыттарында басым жобаларға іріктеу жасай білуде. Сонымен қатар, мекеменің жағдайға мониторинг жүргізуі, кәсіпкерлік нысандармен шарттарды жасау барысында аудан тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мүдделерін сақтауға байланысты тиімді әрекеттер ұйымдастыруы көпшіліктің көңілінен шығуда. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер