astana-view

Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті

РАДОСТОВЕЦ НИКОЛАЙ ВЛАДИМИРОВИЧ

Комитет төрағасы

Тау-кен және металлургия өнеркәсібі комитеті бизнес қауымдастықтың мемлекеттік билік органдарымен өзара тиімді әрекеттестігін орнату мақсатында келесі салалардағы мәселелерді шешу үшін құрылған:

  • металл кенін өндіру;
  • түсті металлургия;
  • қара металлургия;
  • инновациялық технологияларды енгізу және инвестициялық жобаларды іске асыру;

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сұрақтары бойынша шоғырланған және келісілген ұстанымын әзірлеу және сараптама жасау Комитет міндетіне кіреді:

  1. тау-кен және металлургия өнеркәсіптік саласындағы мемлекеттік саясатқа тұжырымдамалық тәсілдемелер әзірлеу;
  2. салаға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;
  3. тау-кен және металлургия өнеркәсібі саласындағы заңнамалық және (немесе) ұйымдастырушылық шешімді талап ететін басым мәселелерді анықтау;
  4. саланы дамытудағы негізгі стратегиялық бағыттар бойынша Ұлттық палатаның бірыңғай ұстанымын қалыптастыру;
  5. саланы дамыту бойынша мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу;
  6. халықаралық салалық ұйымдармен   ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстарды өндіруге қатысу.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер