«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Корпоративті басқару жөніндегі ұлттық кеңес

Корпоративті басқару жөніндегі кеңес туралы

«АТАМЕКЕН» ҚР ҰЛТТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ТӨРАЛҚАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ КОРПОРАТИВТІ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕС  

Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»  Қазақстан халқына жолдауында менеджмент пен корпоративті басқару сапасын халықаралық деңгейге жеткізу, акционерлердің ашықтығын қамтамасыз ету, акционерлердің ашықтығын қамтамасыз ету туралы тапсырма берілген.

Үздік халықаралық және ұлттық практиканы ескере отырып, корпоративтік басқару бойынша жүйелі шаралар қабылдау  компанияларды басқаруда   ашықтықты мен сапасын арттырады, тәуекелдерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді, ішкі бақылауды нығайтады және осылайша Қазақстан Республикасының компанияларында тиісті корпоративтік басқару негізі қалыптасады.

Аталған бастаманы сәтті жүзеге асыру – Қазақстандағы корпоративтік басқару жүйесіне ашықтық пен сенімділіктің өсуі, корпоративтік қарым-қатынастар жүйесіне сенімділік деңгейін арттыруға, соның нәтижесінде отандық нарықтың инвестициялық тартымдылығын жоғарылатуға және экономиканы дамытуға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты ҚР Премьер-Министрі 2017 жылдың 27 желтоқсанында ҚР Үкіметі жанындағы Бәсекелестік жөніндегі кеңестің отырысында  Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің индикаторларын жақсарту жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті (ары қарай – шаралар жоспары).

Корпоративті басқару практикасын жетілдіруге атсалысу және инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында Шаралар жоспарын жүзеге асыру үшін Төралқаның 2018 жыл 28 қарашадағы шешімімен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан Корпоративті басқару жөніндегі ұлттық кеңесі құрылды.

Корпоративті басқару жөніндегі ұлттық кеңесінің мақсаты  корпоративті басқару практикасын жетілдіру атсалысу және отандық компаниялардың инвестициялық тартымыдылығын арттыру. 

Жоғарыда аталған шаралармен байланысты Корпоративті басқару жөніндегі ұлттық кеңесінің міндеттері:

  • стандарттарды әзірлеу және ҚР Корпоративті басқару туралы ҚР Кодексін әзерлеумен қоса, отандық компанияларда корпоративті басқару сапасын арттыру;
  • корпоративті басқарудың қатысушылары және мемлекеттік реттеу оргнадары арасында құрылымды диалог құру;
  • отандық және шетелдік әскерлік орталарының коропративті басқару саласында ақпараттылық деңгейін арттыруға атсалысу;
  • отандық компанияларда корпоративті басқарудың озық практикасын енгізуді талаптандыру.

Корпоративті басқару жөніндегі ұлттық кеңесінің төрайымы болып ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Екатерияна Никитинская бекітілді.

Корпоративті басқару жөніндегі ұлттық кеңесінің құрамында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері, Қаржыгерлер қауымдастығы, қаржы институттары, рейтингтік агенттіктер өкілдері, бизнес субъктілері кірген.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер