«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» миссиясы мен тарихы

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – коммерциялық емес ұйым. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің ҚР Үкіметі және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу жұмыстарының қарқынын арттыру мақсатында құрылған

Кәсіпкерлер палатасы шағын, орта және ірі бизнес мүдделерін білдіреді және құқықтарын қорғайды. Палата өз қызметінде кәсіпкерлік саласының, оның ішінде ішкі және сыртқы сауда салаларын қамтиды. «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметі іскерлік және инвестициялық ахуалды жақсартуға, тұрақтылықты нығайтуға, елде ұлттық, сондай-ақ шетел инвесторларының бизнес жүргізуіне қолайлы жағдайларды дамытуға бағытталған.

ҰКП негізгі қызметтері:

  • кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 
  • өңірлерде кәсіпкерлік қызметке жасалынған жағдайлардың, кәсіпкерлік белсенділіктің қоғамдық мониторингін жүргізу;
  • кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға қатысу;
  • отандық өндіріске қолдау көрсету және ұйымдардың сатып алуларында жергілікті мазмұн үлесін арттыру;
  • мамандар дайындау, қайта дайындау, біліктілігін арттыру, сертификаттау және аттестациялау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту;
  • кәсіпкерлік субъектілерді сыртқы экономикалық қызметін ынталандыру;
  • инвестицияларды тарту және экономиканы әртараптандыру.

Бұдан бөлек Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық бизнестің мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуын көздейді. Мемлекеттік билік және жергілікті өзін-өзі басқаруда іскерлік ортаның мүддесін қорғайды, ҰКП шет елдердің бизнес қауымдастықтарымен байланысты кеңейту және нығайтуда, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы интеграциялық үрдістерде отандық бизнеске қолдау көрсетеді.  

Палата тарихы

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2013 жыл 9 қыркүйек күні ҚР Үкіметі және «Атамекен» Одағы» қазақстандық үкіметтік емес ұйымның бірлескен шешімімен құрылған.

2015 жыл 27 наурызда «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болып ресми қайта тіркелді (ҚР ҰКП-ның 27.01.2015 жылғы кезектен тыс ІІ Съезінің шешімімен).

 ​«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылуында бизнес-қоғамдастықты ұйымдастырудың континентальді моделі негізге алынды. Кәсіпкерлердің жалпыға ортақ мүшелігінде палатаның континентальді (еуропалық) моделі негізделген. Бұл модель Франция және Германияда әзірленген және бүгінде көптеген еуропа елдерінде сәтті жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Еуропалық Одақтың 19 миллион кәсіпорнының ішінде 15,5 миллион кәсіпорын жалпыға ортақ мүшеліктің бизнес-ортасында жұмыс істеуде.

 «Атамекен» құрылымында үкіметтік және орындаушы органдар: Съезд, Төралқа, Басқарма, Ревизиялық комиссия,өңірлік палаталар және кәсіпкерлер кеңестері құрылған.

 ҚР Үкіметі Съезд шешіміне вето шығару құқығына ие. «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқасын Райымбек Баталов басқарады. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Нариман Әбілшайықов. Басқарма Төрағасының бес орынбасары бизнестің түрлі бағыттарына жетекшілік етеді.

 «Атамекенде» 126 қауымдастық (одақ) аккредиттелген. Қазіргі таңда аталған 116 қауымдастыққа аккредиттеу туралы куәліктерін дайындау және беру бойынша жұмыс жүргізілуде.

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері:

  • Қазақстанда тіркелген коммерциялық заңды тұлғалар (шаруашылық құрушы серіктестер, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, соның ішінде банктер және банк ұйымдары, өнеркәсіп ауыл шаруашылығы және қаржы секторындағы ұлттық холдингтер құрамына кіретін ұлттық компаниялар және ұйымдар);
  • Жеке кәсіпкерлер;
  • Шаруа (фермерлік) қожалықтар (ауыл шаруашылығы өндірісі, қайта өңдеу және өткізу саласындағы жеке кәсіпкерлікті жүзеге асырып отырған тұлғалардың бірігуі).

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына мүшелік келесі ұйымдарға қарастырылмаған:

  • Шетелдік ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері;
  • Аудиторлық және бағалау қызметін көрсететін кәсіпкерлік субъектілері;
  • Мемлекеттік кәсіпорындар;
  • Коммерциялық емес заңды тұлғалар.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алғашқы Съезі 2014 жыл 25 маусымда өтті

Съезде атқарылған жұмысқа баға беріліп, Палатаның жақын жылдардағы даму стратегиясы бекітілді. Съезд шеңберінде өңірлік бизнестің анағұрлым түйткілді мәселелері талқыланды, олар үкімет деңгейінде шешілуді талап еткен.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының екінші Съезі 2015 жыл 27 қаңтарда өтті

Съезде қаралған негізгі мәселелердің бірі бизнес суюбъектілеріне арналған міндеттті мүшелік жарнаның мөлшері және төлеу тәртібіне өзгерту енгізілуі болды. Делегаттер міндетті мүшелік жарна төлеушілердің бірінші категориясында алты қосалқы категория және екінші категорияда қосалқы категорияны енгізу бойынша нұсқаға дауыс берді. Сонымен қатар Бизнесті дағдарысқа қарсы қолдау шаралары бойынша Палатаның ұсыныстары делегаттар қарауына берілді. ҚР Үкіметі және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015 жылға өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау шаралары бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі. Оның ішінде теміржол қызметтері және электр энергиясы үшін тарифтерді төмендету немесе сақтау, сонымен қатар мемлекеттік келісімшарттар және қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету арқылы өндіріс көлемдерін сақтау бар. Бұдан бөлек, делегаттар ҚР ҰКП атауын – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы» деп өзгертуіне дауыс берді.

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының үшінші Съезі 2016 жыл 16 маусымда өтті

Съезд барысында мемлекеттік сатып алу, қаржылық ресурстардың қолжетімділігі, микро несиелеу, мемлекеттік органдардың заңсыз тексерулері, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дамуы мәселелері талқыланды. «Атамекен» ҚР ҰКП қызметінің нәтижесі туралы жыл сайынғы есеп, ҰКП-ның орташа мерзімді индикативті бюджеті үш жылдық кезеңге бекітілді. Сонымен қатар Ұлттық палата Төралқасының кейбір мүшелерінің өкілеттілігін мерзімнен бұрын босату және сайлау туралы, «Атамекен» ҚР ҰКП Жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы хабарланды.

Қазақстан кәсіпкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы Хартиясы қабылданды.

Еншілес ұйымдар:  

  • Қазақстан Сыртқы сауда палатасы
  • «Біліктілік орталығы» ЖШС
  • «Нарықты мониторингілеу мен сараптау ортылығы» ЖШС
  • «Арбитраж орталығы» ЖМ

2013 жылғы 8 қазанда еліміздің 14 облыс орталығында және Астана мен Алматы қалаларында Кәсіпкерлер палаталары құрылды. Биыл бұл тізімге 17-ші өңір – Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы қосылды (Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы: Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы және Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы болып қайта құрылды).

 Өңірлік кәсіпкерлер палаталарының міндеті – еліміздің барлық аймағында кәсіпкерлік секторын дамыту, кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік саясатты құруда және жүзеге асыруда бизнес өкілдерінің мүдделерін ескеру үшін институтционалдық мүмкіндіктер жасау. Аймақтық бизнес өкілдері мен жергілікті әкімшіліктер арасындағы өзара тиімді байланыс тетіктерін жетілдіру.

«Атамекен» ҚР ҰКП-да сондай-ақ, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Орталық кеңестің құрамына депутаттар, Бас прокуратура мен Мемлекеттік қызмет пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттік өкілдері, заңгер-практиктер, қоғам қайраткерлері және БАҚ өкілдері кіреді. Кеңес Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңес беру-ақылдасу органы болып табылады және ашықтық және заңдылық принициптерін басшылыққа алады. Кеңес төрағасы – Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы.

Кеңес сыбайлас жемқорлық және ҚР көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жедел және жүйелі шешім қабылдау, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық және көлеңкелі экономикаға қырсы іс-қимыл бойынша түйткілді мәселелерді жария талқылау мақсатында құрылған.

 Сонымен қатар Қазақстан Республикасының экономикасы жөніндегі сарапшылық кеңес консультативтік орган болып табылады және экономиканы дамыту мәселелеріне қатысты ұсыныстарды дайындау мақсатында құрылған (Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2016 жылы 6 желтоқсанда № 125 тапсырмасы).

 «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан Іскер әйелдер кеңесі құрылған. Кеңесті Лаззат Рамазанова басқарады. Кеңесті құрудағы негізгі идея өңір әйелдерінің іскерлік ортадағы белсенділігін арттыру.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер