astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
валовой национальный продукт (ВНП)
жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)

(ағыл. GNP — Gross National Product) Елдегі шаруашылық қызметі мен экономика дамуының қар­ қындылығын, нақты бір мерзім ішінде (бір жыл көлемінде) эко­ номикада өндірілген тауарлар мен атқарылған қызмет түрлерінің толық көлемінің нарықтық бағамен есептелген құнын сипаттай­ тын макроэкономикалық көрсеткіш. Кейбір заңнамалық құжат­ тарда және ресми­іскери тілде жалпы ұлттық табыс термині де қолданылатыны байқалды.

атаулы ЖҰӨ — именной ВНП ЖҰӨ көлемі — объём ВНП ЖҰӨ туралы мәлімет — данные о ВНП ЖҰӨ-ні қалыптастыру — формирование ВНП нақты ЖҰӨ — конкретный ВНП

валюта
валюта

(лат. valeo — мүмкіндікке, күшке ие болу; итал. valuta — баға, құн) Нақты бір мемлекеттік заңмен белгіленген ақша өлшемі; 2) халықаралық экономикада айырбас үшін және басқа да халық­ аралық байланыстарда пайдаланылатын ақша белгілері

айырбасталмайтын валюта — неконвертируемая валюта аванс / алғытөлем валютасы — валюта аванса базистік валюта — базисная валюта бірыңғай валюта — единая валюта валюта бағамы — валютный курс валюталық нарық — валютный рынок депозиттік валюта — депозитная валюта есеп айырысу валютасы — валюта расчёта келсімшарт валютасы — валюта контракта кәсіпорынның валюталық шоты — валютный счёт предприятия қағаз валюта — бумажная валюта қағаз-ақша валюта — бумажно-денежная валюта қарыз валютасы — валюта ссуды қос валюта — двойная валюта мәміле валютасы — валюта сделки негізгі валюта — ключевая валюта несие валютасы — валюта кредита сақтандыру валютасы — валюта страхования теңгерім валютасы — валюта баланса төлем валютасы — валюта платежа тұрақсыз валюта — неустойчивая валюта ұлттық валюта — национальная валюта шектемелі / оқшауландырылған валюта — блокированная валюта шетел валютасы — иностранная валюта шот валютасы — валюта счёта

вексель
вексель

(нем. wechsel — ауыстыру) Заңмен белгіленген нысандағы құнды қағаз; жазбаша борыш­ қорлық міндеттеме. Вексель беруші және вексельді иеленуші (не­ месе вексель ұстаушы) деген ұғымдар қолданылады. Вексель бе­ руші көрсетіп берген ақша көлемін вексель иеленуші белгіленген мерзімде төлеуі тиіс

вексель айналысы — вексельное обращение вексель иеленуші — векселеполучатель жай вексель — соло-вексель банк векселі — банковский вексель жоққа шығарылған вексель — вексель опротестованный коммерциялық вексель — коммерческий вексель вексель бағамы — курс вексельный вексель беруші — векселедатель вексель бойынша берешек — задолженность по векселям вексель бойынша мөлшерлеме — ставка вексельная вексель жөніндегі төлем орны — место платежа по векселю вексель иесі — векселедержатель вексель мерзімінің өтуі — давность вексельная вексель салығы — вексельный налог вексельдік есеп айырысу — расчёт вексельный вексельдің ұзартылуы — пролонгация векселя

венчур
венчур

(ағыл.venture – тәуекелшіл) Қаржыландыру формасының бірі. Шағын, бірақ тәуекелге ба­ ратын кәсіпорындар үшін ірі фирмалар инвестор болады да, қор жасайды, ол қор арқылы дамып келе жатқан кәсіпорын акция­ сының бір бөлігі сатып алынады. Қойылатын талаптар: шағын кәсіпорында инновациялық жаңа жобалардың болуы; жаңашыл басшының болуы және капиталдың болуы

венчурлік бизнес — венчурный бизнес венчурлік инвестор — венчурный инвестор венчурлік кәсіпкерлік — венчурное предпринимательство венчурлік кәсіпорындар — венчурные предприятия венчурлік қаржыландыру — венчурное финансирование венчурлік операциялар — венчурные операции венчур жобасы — венчурный проект венчурлік компания — венчурная компания венчур қоры — венчурный фонд

взаимный
өзара

Екі немесе бірнеше іс­қимылдың бірлесе атқарылуына байла­ нысты қолданылады

өзара алмастырылатын меншік — взаимозаменяемая собственность өзара алмастырылатын тауарлар — взаимозаменяемые товары өзара әрекеттестік — взаимодействие өзара әрекеттесу маркетингі — маркетинг взаимодействия өзара есеп айырысу — взаиморасчёт, взаимные расчёты өзара есепке алу — взаимозачёт, зачёт взаимный өзара көмек — взаимная помощь өзара кредиттеу — взаимное кредитование өзара өтелетін операциялар — взаимопогашаемые операции өзара сақтандыру — взаимное страхование өзара тиімді ынтымақтастық — взаимовыгодное сотрудничесиво

взнос
жарна

Банкке салым түрінде ақша қаражатының нақты сомасының өткізілуі, қандайдабір ұйымға ену үшін, сондай­ақ мүлікті иелену мақсатында өз үлесін қосу үшін төленетін төлем нысаны

бастапқы жарна — первичный взнос жарна төлеу — оплатить взнос жарнаның пайызы — процент взноса кіру жарнасы — вступительный взнос мүшелік жарна — членский взнос сақтандыру жарнасы — страховой взнос

виза (на документе)
бұрыштама

(лат. visa — қаралған: тексерілген құжаттағы белгі) Кәсіпорынды, мекемені, ұйымды басқаратын лауазымды адам­ ның құжаттың мазмұнына келісетіндігін, яки келіспейтіндігін анықтайтын реквизит.

бұрыштама беру — завизировать бұрыштама жазу — завизировать

витрина
жаймасөре

(лат. vitrum — әйнек) Сауда ісіне қатысты мағынасы: сауда жабдықтарының бірі; сатылымға шығарылатын өнімді, тауарды көруге, танысуға бола­ тындай етіп жаймалап қоюға арналған жабдық.

жаймасөреге орналастыру — расположить на витрине

вклад
салым

Жеке адамдардан белгілі бір мерзімге немесе мерзімі көр­ сетілмеген кезеңге банк алатын қаражат. Заңнамалар бойын­ ша банк келісімшартта көрсетілген талаптарға сәйкес клиентке алынған қаражатты қайтаруға және оның пайызын төлеуге мін­ деттеме алады.

салым ақшаның орнығуы — оседание вкладов салым ақша бойынша сенімхат — доверенность по вкладу салым бойынша өсиетхат өкімі — завещательное распоряжение по вкладу салым құпиясы — тайна вкладов салым мөлшері — размер вклада салымға тыйым салу — арест на вклад салымдар бойынша айналым — оборот по вкладам салымды қайта бағалау — переоценка вкладов салымды мұрагерлікпен алу — наследование вкладов салымшы — вкладчик

владение
иелік / иелену

Өзіне тиесілі мүлік; мүліктің иесі өзіне тиесілі мүлікке қа­ тысты өз қалауы бойынша заңдарға қайшы келмейтін және басқа адамдардың заңмен қорғалатын құқықтарын бұзбайтын іс­әре­ кетті жүзеге асыра алады.

иелену мерзімінің өтуі — давность владения иеленуші — владелец иеленушінің үлесі — доля владельца иелік ету — владеть меншік құқығынсыз иелік ету — владение баз права собственности мүлікті иелену — владение имуществом

Еншілес ұйымдар

Серіктестер