-Біз Қарағанды қаласында ірі сауда орталығында орынжайды жалға алып отырмыз, салон қызметі! Жалға алу құнын төлеуде шегерім алуға құқығымыз бар ма?
- Бұл бизнес субъектілері арасында азаматтық-құқықтық қатынастар болғандықтан, Атамекен дауға араласа алмайды, бізге кәсіпкердің барлығы тең. Сіз Қазақстан Сыртқы сауда палатасынан форс-мажор туралы куәлікті алуға өтінім бере аласыз. Осымен берге қазіргі таңда сауда орталықтары, сауда-ойын-сауық орталықтарымен жалға алушыларға жеңілдік жасауға қатысты келіссөздер жүргізілуде.
Сондай-ақ Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы және облыстық Кәсіпкерлер басқармасы бірінші күннен бастап жалға алу құнына қатысты мәселелер жөнінде жұмыс тобын құрған. Бүгінде келіссөздер ірі сауда орталықтары, базарлар мен бизнес орталықтардың басшыларымен жүргізілді, олар жалға алушыларға көмек беруге дайын мүмкіндігінше жалға алу құнынан босатуда жеңілдіктер немесе босату қарастырылуда. Жалға алушы мен жалға беруші арасында әр мәселе жекелей қаралуда. Облыста жалға алу төлемдері мәселелері бойынша Қарағанды Кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады – ӨКП директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Алхайдар Асқаров +7 701 511 95 70.
Өңірлік Кеңес
- Өңірлік Кеңес отырыстарының хаттамалары
- Өңірлік Кеңестің құрамы
- Өңірлік Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
Бизнесті қорғау
Сатып алу