«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жұмыс істейтін зейнеткерлерге 42500 теңге

2020-04-06

Сәлеметсіз бе! Менің оқу орталығымда зейнеткерлер жұмыс істейді. Карантинге байланысты жабылдық. Зейнеткерлер 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы ала ала ма?

Егер сіз зейнеткер, ерекше күтімді қажет ететін тұлға, студент, өзін-өзі жұмыспен қамтыған болсаңыз, ТЖ-ға дейін бейресми түрді табысыңыз болса, онда сізде ТЖ ЕНГІЗІЛГЕНГЕ ДЕЙІН СОҢҒЫ 12 АЙДА БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ЕҢ КЕМІ 1 РЕТ ТӨЛЕНУІ КЕРЕК.

 БЖТ  мөлшері қала тұрғындары үшін – 2651 теңге

Аудан және ауыл тұрғындары үшін – 1325,5 теңге

 БЖТ төлем өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам:

1 зейнетақылық жинақ жүйесіне қатысып, базалық зейнетақыға үміт арта алады;

2. МӘМС шеңберінде шектелмеген сома мен түрлер бойынша медициналық қызметтерді ала алады.

3. еңбеккке жарамдылықты жоғалту жағдайында, асыраушыны жоғалту, жұмыстан айырылу, жүктілік және босану, баланы 1 жасқа дейін қарауда әлеуметтік төлемдерді алады.

4. жеке табыс салығын төлейді

 Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін БЖТ төлеуге болатын санаттар бойынша:

  1. Егер сіз зейнеткер, ерекше күтімді қажет ететін тұлға, студент, өзін-өзі жұмыспен қамтыған болсаңыз, ТЖ-ға деййін бейресми түрді табысыңыз болса, онда сізде ТЖ ЕНГІЗІЛГЕНГЕ ДЕЙІН СОҢҒЫ 12 АЙДА БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ЕҢ КЕМІ 1 РЕТ ТӨЛЕНУІ КЕРЕК.
  2.  Егер бейресми түрде жұмыс істеп, мемлекеттен ешқандай әлеуметтік төлемдерді алмасаңыз, ТЖ-ға байланысты табыстан айырылсаңыз және БЖТ төлемесеңіз, онда оны төлеп, жәрдемақыға өтініш беру керек:

БЖТ-ны төлеу жолдары

    1. банктердің мобильді қосымшалары арқылы
    2. 5505 нөміріне смс-хабарлама жіберу: қала тұрғындары үшін –GORODESP ЖСН (ЖСН көрсету)

Елдімекен тұрғындары үшін – SELOESP ЖСН (ЖСН көрсету)
 Kcell, Activ, Beeline абоненттеріне қолжетімді


 


Көбірек көрсету Вернуться ко всем вопросам

Серіктестер