«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Аграрийлерге бөлінетін субсидиялар салалар бойынша әділетсіз үлестірілуде

2014 жылғы 09 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
9640 просмотров

 

 

Ол мысал ретінде өсімдік майы мен май өнімдері өндірісі бойынша негізгі көшбасшы болып табылатын Шығыс Қазақстан облысын келтірді.

«Қазақстандағы майдың 80%-ы Шығыс Қазақстанда өндіріледі. Бұл біздің экспорттық әлеуетімізді дамытуға мүмкіндік береді. Қазір бізде Ресейдегі сауда эмбаргосы және т.б. ескере отырғанда оны ұлғайту мүмкіндігі бар», - дейді Кәсіпкерлер палатасының басшысы.

Алайда, Игорь Шацкийдің сөзіне сүйенсек, проблема Ауыл шаруашылық министрлігінің май және май өнімдері өндірісін субсидияланатын қызмет түрлері қатарынан алып тастау шешімін қабылдағанында болып отыр. Бұл Қазақстандағы май жасаушылардың көшбасшылық ұстанымдардан айрылып қалуына әкелуі мүмкін, ал бос қалған орынды ресейліктер мен белорустар алып алуы да ықтимал.

«Бұған жол беруге болмайды! Егер бізде, шынымен де, қандай да бір көшбасшылық ұстанымдар бар болса, керісінше, мемлекет оны дамытуды және қолдауды мақсат тұтуға тиіс», - деп мәлімдеді кәсіпкер. Сонымен бірге, оның айтуынша, Ауыл шаруашылық министрлігі мынадай ұстанымды ұстанады: егер онсызда табыспен дамып жатса, бұл өндірісті субсидиялаудың қажеті қанша, дегендей.

«Бұл жұмыс жасап жатқан кластер, және де оны сақтап, дамыту қажет. Біз оны тамырымен жойып жатырмыз - деп шағымданды ШҚО Кәсіпкерлер палатасының басшысы.

 

Игорь Шацкий

Оның айтуынша, сүт саласының да экспорттық әлеуеті үлкен. Дегенмен, Ресей нарығындағы еуропалық жеткізушілердің орнын алмастыра аламыз деуге де болмайды.

«Себебі, әзірше өзімізді қаймағы алынбаған сүтпен қамтамасыз ете алмаймыз. Мұны мойындау керек. Дегенмен жыл өткен сайын мал басы да көбейіп келеді. ШҚО сауым бойынша республикада бірінші орынды алады. Яғни бұл жағынан да әлеуетіміз жеткілікті», - деп атап өтті И.Шацкий.

Алайда ауыл шаруашылық ведомствосы дайындаған инвестсубсидиялау ережелері де кәсіпкерлердің көкейінде сауал тудырып отыр. Палата басшысы түсіндіріп кеткендей, АШМ субсидия алатын сүт өндірушілердің жабдықтарының нақты тізбесін айқындайды.

«Егер осы жабдық оларда болмаса, субсидия алмайды. Оның үстіне, осы жабдықты көргенде, былайша айтқанда, ұялып қалдық: жабдық мүлдем ескірен, яғни кілегейді тұндыруға арналған 30 литрлік ыдыс, жұдырықшалы сорғы болуға тиіс. Жұдырықшалы сорғыны менің әжем 70 жылдары колхозда сүтті сепаратордан өткізгенде қолданған болатын. Яғни бүгінде біздің субсидияға мұқтаж кәсіпкерлеріміз өнім шығаруды, өнімділікті ұлғайтуға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды қолданады, бірақ олар субсидиялауға жатпайды. Яғни, өрескел айтсақ та, әкімшілік кедергілер барлық салаға бойлап еніпті», - деп қорытты Игорь Шацкий.

Оның сөзінше, сонымен қатар биыл отандық құс етін өндірушілер де субсидиялаудан айрылған. Сонымен бірге, кәсіпкер атап кеткендей, құс еті бойынша экспортты жүзеге асырып та жатырмыз және биылғы жылдың өзінде оны, атап айтқанда, Ресейге экспортты 25% ұлғайта аламыз.

«Бірақ АШМ бастамалаған Үкімет қаулысын қабылдау біздің бастаған істеріміздің түбіріне балта шауып отыр. Бүгінгі таңда ақша қаражаты көлемінің іс жүзінде жетпейтіндігі түсінікті, және де бұл кәсіпкерлерді ерекше ашындырады. Әсіресе аудандарда, ауылдық округтерде біз субсидияларды жыл сайын сол бұрын алған адамдардың ала беретіндігін көзімізбен көрдік», - деп мәлімдеді Игорь Шацкий.

Кәсіпкердің айтуынша, биылғы жылдың көктемінде ШҚО Кәсіпкерлер палатасына ақырында мемлекет уәде еткен субсидияны ала алмаған ұсақ кәсіпкерлерден жүздеген өтініш келіп түскен.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры субсидиялардың біршама әділетті бөлінуі мақсатында комиссиялар құрамына Ұлттық палата өкілдері кіруге тиіс, деп есептейді.

Сонымен бірге Игорь Шацкий асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға субсидияны 100 бастан көп ірі қара малы бар кәсіпкерлер ғана алуға тиіс екендігін баса айтты.

Zakon.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер