«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан облысындағы монополияға қарсы орган әрекетінен кәсіпкерлер қиындықтарға кезігуде

2014 жылғы 25 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
9551 просмотров

 

Ұлттық палатаның Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесі және ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Кеңесінің Өскемен қаласында өткен бірлескен отырысында бүгін осы жәйт белгілі болды.

10 қыркүйекте Ұлттық палата Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестердің бірлескен отырыстарының бастау алғаны туралы хабарлаған болатын. 23 қыркүйекте бірлескен отырыс Қарағандыда, бүгін Өскеменде өтіп отыр.

Шығыста басым немесе монополиялы орын алатын нарық субъектілерінің мемлекеттік Тізілімін қалыптастыру проблемасы ерекше өткірленіп тұр.

Бүгін Өскемен қаласында өткен бірлескен отырыста тізілімге негізсіз кіргізілумен байланысты кәсіпкерлердің бірнеше нақты проблемалары қаралды. Әңгіме «Восток-Молоко» ЖШС, «Эмиль» ЖШС және «Бірлескен темір жол шаруашылығы» ЖШС төңірегінде өрбіді.

Ғани Қасымов мәлімдегендей, монополияға қарсы инспекция кәсіпкерлерді басым немесе монополиялы орынға ие нарық субъектілерінің тізіліміне оңды-солды қоса берген. Көптеген кәсіпкерлік субъектілері – сүт өнімдерін өндірушілерден бастап, вагондарды беру-тазалауды жүзеге асырушы ұйымдарға дейін қиындықтарға кезігуде.

«Біз Кеңеске дайындалып жатқан шақта, мемелкеттік органдар кәсіпкерлердің кейбір проблемаларын шешті, деген ақпарат келіп түсті. Біреулерін Тізілімнен алып тастаса, келесілерінің шығындарының орнын толтырған», - деді Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес басшысы. Оның сөзіне сүйенсек, сәйкес мемлекеттік органдармен бірге бизнесті «буындырушы» шенеуніктерге қатысты ең қатаң шараларды қолдану қажет.

ШҚО бойынша Монополияға қарсы инспекцияның бірқатар мәселелерді шешкенінен қарамастан, «Бірлескен темір жол шаруашылығы» ЖШС проблемасы қазіргі сәтте сол қалпында қалып отыр.

Ұлттық палата осы кәсіпкерлер құқықтарын бұзуға ШҚО бойынша Монополияға қарсы инспекция басшысы Людмила Устьянцеваны жауапты деп жариялады.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер