«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы экологиялық төлемдер енгізуді жақтайды

2014 жылғы 29 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
12319 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы еңбекақыға экологиялық үстеме төлем және қосымша төленетін демалыс түріндегі халықты әдеуметтік қолдау жағынан құқық қолданудағы толғақты мәселені көтеруде.

Сонымен, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің түсіндірулеріне сәйкес, заңмен көзделген әлеуметтік қолдау құқығына сәйкес куәлігі бар және қазірде заңмен анықталған белгілі бір аумақтарда тұрып жатқан, ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтар ие.

Осыған орай Семей полигонындағы ядролық сынақтармен байланысты жеңілдіктер алуға құқықты растайтын куәліктің болуы демалыс үшін негіздеме болып табылады. Дегенмен де жұмыс беруші өз бастамасымен өз жұмысшыларына, куәліктің болу-болмауына қарамастан, осындай жеңілдіктер ұсына алады.

«2012 жылға дейін бұл түсіндіру өз күшінде болып келді, адайда 2012 жылы Өскемен қалалық соты түсініксіз себептермен дәлелді бөлігінде халықты әлеуметтік қолдаудың, бұл аумақта адамның 1949-1990 жылдар аралығындағы ядролық сынақтар өткізу кезеңінде немесе биылғы жылдан бастап тұрып жатқанына қарамастан, берілетіндігі көрсетілген шешімдер шығара бастады. «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңда еңбекақысына экологиялық үстеме төлем және қосымша төленетін демалыс ұсынылуға тиіс халықтың мақсаттық тобы анық белгіленген. Алайда бүгінде орын алып отырған осы заңды түрліше оқу салдарынан, негізінде, өзі де ядролық жарылыстар әсерінен зардап шегуші болып табылатын жұмыс беруші ендігі жерде заңмен белгіленген жеңілдіктер мен өтемақыларға, ядролық сынақтар өткізу кезеңінде бұл аумақта тұруға да еш қатысы жоқ өз қызметкерлеріне экологиялық үстеме төлем төлеуге тиіс болып отыр», - деп атап өтті ШҚО КП директоры Игорь Шацкий.

Оның үстіне, директордың айтуынша, Өскемендегі мерзімдік басылымдардың бірінде судья Талғат Қасымов «...Өскемен қаласында тұрып жатқан және жұмыс жасаушы әрбір азаматқа қосымша демалыс пен ай сайынғы ақшалай өтемақы төленуге тиіс. Сонымен бірге онда экологиялық куәліктің болу-болмауы маңызды емес. Экологиялық куәлік тек бір реттік экологиялық төлемдерді төлеу кезінде ғана қажет» екені жайлы түсіндіру беріп кеткен.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы бұл мәселені өңірлік кеңес пен облыс прокуроры жанындағы кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің 12 отырысында көтерді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер