«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экономика өсімін президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу арқылы бекіткеніміз маңызды

2015 жылғы 17 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
10562 просмотров

Шығыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий ҚХА-ның президент сайлуын мерзімінен бұрын өткізу туралы бастамасына түсінік бере отырып, осылай деген еді.

«Өсіп келе жатқан әлемдік экономикалық дағдарыс пен халықаралық күрделі күн тәртібі жағдайында  мерзімінен бұрын сайлау өткізу еліміздің «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» бағдарламасын тиімді түрде жүзеге асыруға, «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген еліміздің ұзақ мерзімдік даму басымдылықтарын жүзеге асыруды жалғастыруға мүмкіндік береді», - деп атады ӨКП басшысы.

Оның ойынша, ел Президентінің «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауында басты назарын экономика саласына аударғаны маңызды. Игорь Шацкийдің пікірінше, қазіргі кезде ШОБ-қа Ұлттық қор есебінен көрсетіліп жатқан көмек дер кезінде жасалып отыр және өте қажет. Және де бұл Президентіміздің көрегендігін тағы да дәлелдеп отыр.

«Әлемдік дағдарыстың жаңа да қиын кезеңінде Президентімізге сенім артуымыз қажет, президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу арқылы экономика өсуін бекіткеніміз, жүргізіліп отырған саясаттың сабақтастығын қамтамасыз еткеніміз маңызды», - дейді ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры.

Ол сонымен қатар Қазақстан Президентінің 2014 жылғы 26 маусымда ШҚО-ға жасаған жұмыс сапарының аясында өңірде күллі республика үшін басым болып саналатын шағын және орта бизнес секторының серпінмен дамып келе жатқанын баса айтқанын айтып кетті.

«ШҚО бизнесі Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты мерзімінен бұрын сайлауды өткізу бастамасын қолдайды», - деп мәлімдеді ШҚО КП директоры Игорь Шацкий.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер