«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлері: Палатаға деген сенім артып келеді

2015 жылғы 20 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
11783 просмотров

Өскеменде өткен Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі отырысының барысында бизнесмендер ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевқа осылай деген еді.

Тимур Құлыбаев жиналыс барысында бизнесмендерден жеке істерінің дамуы жайлы, ҰКП беделі және кәсіпкерлердің өтініштері жайлы сұрады.

- Кәсіпкерлер құқығын қорғау ісі қалай жүріп жатыр? Бизнесмендер ҰКП-ға жиі жүгіне бастады ма? Палатаны көбісі тани бастады ма, бүгінде сенім мен бедел бар ма, жоқ па? – деп сұрады ШҚО бизнесмендерінен Тимур Құлыбаев.

Өңір кәсіпкерлері жауап ретінде ҰКП-ға деген сенімнің өсіп, нығайып келе жатқанын сөз етті.

- Біздің мүшелер мүшелік жарна төлейді, және де олар бізден талап етуге құқылы. Бұл сіздерге қоғамдық жүктеме болып отырғандықтан, қоғамдық кеңестің барлық мүшелеріне алғыс айтқым келеді. Сіздерге осы үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді, - деп жалғады сөзін ҰКП Төралқа Төрағасы Өскемендегі отырыс кезінде.

Бизнесмендер кездесуде өз түйткілдерін ортаға салды, түрлі кедергілер жайын сөз етіп, осындай қиын уақытта ҰКП тарапынан қолдау сұрады. Әңгіменің негізгі тақырыбы «Агробизнес-2020» бағдарламасын талқылаға ойысты. Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлері оның орындалуындағы түйткілдерге шағымданды. Бағдарламада бизнесті қаржылық сауықтыру жайлы ереже көзделген, алайда, олардың айтуынша, 2013 жылы облыс бизнесмендері үшін бұл мүмкіндік жабылып қалды.

- Бізге жеткен мәліметтер бойынша, Ауыл шаруашылық министрлігі берген 2 миллион доллар солтүстіктегі компанияларға берілген. Ал біз сауықтыру қаражатынсыз қалдық. Биыл осы жағдайдың қайталанғанын қаламаймыз. Облысымызда қаржылық сауықтыруды қажет ететін кәсіпорындардың өте көп екенін сеніммен айтамыз, - деп жүгінді ҰКП-ға жергілікті бизнесмендер.

Кәсіпкерлер сонымен қатар сауда хабтарын құру мүмкіндігін қарауды ұсынды. Мұндай хабтар Ресейде – Барнаул, Самара, Екатеринбургте көптен бері табыспен әрекет етуде. Оның үстіне, қазақстандық бизнестің ұсынары жоқ емес.

- Бізде сататын дүние бар, бренді тауарлар бар, алайда қазір бұл мәселе жөнінен аянышты күйге түсіп отырмыз. Сіздердің қолдауыңыз қажет, - деп мәлімдеді ШҚО бизнесмендері.

ҰКП өтелетін жобаларды қолдауға дайын. Тимур Құлыбаев әлемдегі қазіргі экономикалық ахуалды «әр текті» деп атады.

- Бұл маятник сияқты. Біреуге теңге күшейіп тұрғанда көмек керек, біреуге әлсірегенде. Бүгінде кімге және қалай көмектесе алатынымызды қарап жүрміз. Өкінішке орай, әлемдік жағдаят мұнай өндіруші елдер пайдасына қалыптасып келе жатқан жоқ. Рубль жағдайы да күрделі. Мысал келтіре кетсем, «Баян сұлу» кондитерлік фабрикасы нарықтың 20-30 пайызынан айрылғанын мәлімдеді. Олар Ресейде жұмыс жасаған, ал қазір олармен бәсекелесе алмайды. Сонымен бірге, өткенде ғана Ақтауда болып қайттық. Онда кондитерлік фабрика директоры біршама арзандаған шикізатты Ресейден сатып алатынын айтады, - деді бизнесмендерге Тимур Құлыбаев.

Қорыта келе, ол ҰКП-ның бүгінде әрбір кәсіпкермен жеке жұмыс жасап жүргенін атап өтті. Ол әрбір жағдайдың бірегей екенін айтып, бизнесті алаңдамауға, жұмысты қарқынмен жалғастыра беруге шақырды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер