«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Құлыбаев: Бизнестің билікпен әрекеттестікті арттыруы қажет

2015 жылғы 19 Наурыз
- Шығыс Қазақстан облысы
11149 просмотров

Бұл туралы ҰКП Төралқасының төрағасы Өскеменде өткен Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында мәлімдеді. Оның ойынша, жақын арада бизнестің билікпен әрекеттестікті нығайтып, әріптестіктің жаңа деңгейіне шығуы қажет. Тимур Құлыбаев бизнесмендерге Шығыс Қазақстан облысы әкімімен жеке келіссөзінің кейбір тұстарын егжей-тегжейлі айтып берді.

- Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен бірге осы отырыстың алдында ҰКП мен әкімдік арасындағы әрекеттестіктің барлық аспектілерін егжей-тегжейлі талқыға салдық. Өңірлік палата мен әкімдік арасында қол қойылған келісімдердің орындалуын талқыладық. Жалпы, ҰКП өкілдерінің өңірлік даму институттары органдарына қатысуы тұрғысынан, барлық 9 бағыт бойынша Өңірлік индустрияландыру картасын дамытуда бірге жұмыс жасауға толық қолдау, өзара түсіністік пен келісуге қол жеткізіп отырмыз. Түсіністік бар, әрекеттестік бар, енді осыны арттырайық, - деп мәлімдеді ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы.

Шығыс Қазақстан облысында Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығында жалпы 470 млрд теңге сомасына 32 жоба жүзеге асырылады. Және де ҰКП индустриялық қызметке бизнесті белсенді түрде тартпақшы. Облыс әкімі Даниал Ахметов кездесуде өзінің кәсіпкерлерді қолдауға дайын екеніне сендірді. Өңір басшысы өз бақылауларын бизнесмендермен бөлісті.

- Кеше ғана танымал түрік бизнесмендерімен кездескен едім. Өңірдегі бірқатар кәсіпорындар оларды таңқалдырып, тәнті қылды, дегім келеді. Тәнті болды дегенім, бізде олардың елінде кездеспейтін индустриялық технологиялар бар... Оларды осы жайт таңқалдырып отыр... Олар бізде индустриялық-инновациялық даму атрибутына жауап беретін технологиялар жоқ деп ойлаған... Мені қуантатыны – аграрлық секторда инновациялылық пен идустриялылықтың салмақты беталысы. Соңғы буынның үш робот фермасының екеуі ШҚО-да, - деп мәлімдеді жиналыста облыс әкімі Даниал Ахметов.

Ұлттық палата бастамасымен Қазақстанның барлық өңірлерінде әкімдіктермен бірге Өңірлік карталарды дайындау жөніндегі Жұмыс топтары құрылған. Тимур Құлыбаев мәлімдегендей, Картаны дайындауда жергілікті мазмұнды дамыту мәселелерін, соның ішінде, кепілдендірілген өткізу мен отандық тауар өндірушілермен ұзақ мерзімдік келісім-шарттар мәселелерін ескеру қажет. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер