«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әлемдік стандарттарға сәйкес

2015 жылғы 01 Маусым
7473 просмотров

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов «Атамекен» ҚР ҰКП Баспасөз орталығында өткен брифингте осылай деп хабарлады.

Оның айтуынша, бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған механизмдерден, құқықтық құжаттардан тұратын бағдарламалық құжат.

ҰКП басшысының орынбасары аталмыш құжат қозғайтын салаларды сөз етті. Біріншісі -  бұл кәсіпкерлер мен мемлекеттік билік органдарының өзара әрекеттестігі, екіншісі – кәсіпкерлік қоғамдастық ішіндегі қарым-қатынас (бұл келісім-шарттық міндеттемелер, ішкі саясат және корпоративтік басқару). Үшінші сала жүйенің өз ішіндегі әрекеттестікті қозғайды.

«Негізінде, Хартия барлық салаларды қамтиды: корпоративтік басқару, есептілік және ашықтық, корпоративтік жемқорлықты жою, еңбек ұжымдарымен жұмыс, әріптестермен, контрагенттермен және клиенттермен қарым-қатынас, сатып алулардың ашықтығын көтеру, мемлекеттік органдармен тікелей ынтымақтастық», - деп түсінік берді ҰКП басшысының орынбасары.

Ол сонымен қатар «Хартияның императив деп саналмайтынын, бұл мемлекеттік биліктің кәсіпкерге әсер етуі емес, бұл үздік стандартты ерікті түрде қабылдау» болып табылатынын баса көрсетті.

«Бұл қоғамдық шарт деуге де болады, оған сәйкес кәсіпкерлер Хартияға қосыла отырып, әлемдік критерийлерге сәйкес қосымша міндеттерді, стандарттарды мойнына алады», - деп жалғады сөзін Рустам Жүрсінов.   

ҰКП үстіміздегі жылдың соңына дейін салалық қауымдастықтар, Ұлттық банк және мемлекеттік органдармен бірге аталмыш құжатты дайындап, бекітуді жоспарлап отыр, ол компаниялардың өздеріндегі басқаруда іске асырылмақшы.

Сонымен бірге, Палата және халықаралық қаржы корпорациясы, «Саят жолшы» компаниясы өткен аптада жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде корпоративтік басқаруды енгізу және талдау жөніндегі жобаны іске қосты. Жоба нәтижесі бойынша белгілі бір ұсыныстар берілетін болады.

«Хартия негізінде 3 үлгілік кодекс (корпоративтік басқару, кәсіпкерлік әдеп, сатып алулардың жағымды тәжірибесі), 22 саясат пен нысан (инсайдерлік ақпарат бойынша,корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару диагностикасы және т.б), 2 рейтинг (көлеңкелі айналым және сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі) қабылдау жоспарланып отыр», - деп хабарлады Рустам Жүрсінов.

Оның айтуынша, Хартия жобасы екі ай бойында кәсіпкерлік қоғамдастықта талқыға салынады. Құжат мәтіні Ұлттық палата сайтына орналастырылған және белсенді түрде консультация берілуде.

«Мемлекет тарапынан Хартияға қосылған компаниялар үшін «жасыл дәліз» болса дейміз, себебі отандық компаниялардың ашықтығына ең алдымен қоғам мүдделі», - деп қорытты Рустам Жүрсінов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер