«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Балаларға арналған мереке

2015 жылғы 02 Маусым
- Ақмола облысы
19406 просмотров

Бірінші маусым, Халықаралық балаларды қорғау күнінде Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Уәлихан Ғабдуллин мен облыстық тәртіптік кеңестің басқа да мүшелері «Көкшетау балалар психоневрологиялық және медициналық-әлеуметтік мекемесі» мемлекеттік мекемесінде болып қайтып, онда балаларды мерекелерімен құттықтады, материалдық көмек көрсетті.

Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Есіл аудандық филиалының қызметкерлері №2 Есіл балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мерекелік дастархан жайып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Балалар музыкалық мектеп оқытушылары даярлаған түрлі байқауларға қатысып, шағын сыйлықтармен ынталандырылды. Есіл балалар үйінде қазір 94 бала тұрып жатыр. Тәрбиеленушілер шығармашылық байқауларға, облыстық және республикалық спорттық сайыстарға белсенді түрде ат салысады.

Балаларға арналған көңілді мерекені өткізуге балалар музыкалық мектебінің ұжымымен бірге кәсіпкерлер – Айгүл Әлжанова, Эргаш Османов, Сәментай Баймұратов, Алмахан Алтынбек белсене көмек көрсетті.

Дәл осы күні Атбасар қаласында Ақмола облысы КП Атбасар аудандық филиалы «Green House Best» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен бірге қаланың орталық алаңында түрлі тәттілер мен шырындар қойылған шатыр құрып, мереке барысында оларды балаларға тегін таратты.


Ұқсас жаңалықтар:

«Бар жақсымыз - балаларға!»
2 Маусым
2015
Жамбыл облысы
Балаларға мейірім
2 Маусым
2015
Шығыс Қазақстан облысы
Балаларға – шын жүректен!
2 Маусым
2015
Солтүстік Қазақстан облысы
Жүрек жылуы
27 Мамыр
2015
Маңғыстау облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер