«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті қолдау сенімді қолда

2015 жылғы 05 Маусым
- Алматы қаласы
12275 просмотров

Алматы Кәсіпкерлер палатасы сервистік компанияларды таңдау жөніндегі байқау қорытындысын шығарды

2015 жылғы 5 маусымда Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы-2020» Бағдарламасы «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» 4 бағытының аясында «Әрекеттегі бизнесті жүргізуге сервистік қолдау» Құрамдасы бойынша сервистік компанияларды іріктеу байқауын өткізді.

Кәсіпкерлер үшін төрт қызмет түрін көрсетуге қабілетті компаниялар таңдалды: кедендік процедуралардан өтуде жәрдемдесу, менеджмент жүйелерін енгізу процесін толығымен сүйемелдеу және консультация беру, ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласында консультация беру және менеджмент мәселелері.

Байқаулық іріктеу процесі On-line форматында, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайтының тікелей эфирінде көрсетумен өткізілді.

Қаралған құжаттар мен өтінім иелерімен өткізілген әңгімелесу нәтижелерін бағалау қорытындысы бойынша, байқау комиссиясы ашық дауыс берумен Сервистік компания іріктеуіне қатысуға өтінім берген 26 компания ішінен 4 компания таңдалып алынды.

№2 қызмет – Кедендік процедуралар бойынша қызметтер -  «KLS» ЖШС;

№3 қызмет – Менеджмент жүйелерін енгізу бойынша толығымен сүйемелдеу және консультация беру -«АбиА Консалт» ЖШС;

№6 қызмет – Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласында консультация беру -  «Тактика» ЖК;

№8 қызмет – Менеджмент мәселелері бойынша қызметтер -  «ҚР Жобалау менеджерлері одағы» ЗТБ.

Байқау комиссиясының хаттамаларымен мына жерде танысуға болады4 Хаттама, 5 Хаттама.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер