«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тәуелсіз сертификаттау – сапа кепілі

2015 жылғы 15 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
16986 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы екінші жыл қатарынан облыстың Білім беру басқармасымен бірге эксперимент режимінде өңірдегі ірі кәсіпорындарды тартумен колледж түлектерін тәуелсіз сертификаттауды өткізіп келе жатыр.

«Дәнекерлеу ісі» мамандығы және «Электрлі газды дәнекерлеуші» біліктілігі бойынша III, IV біліктілік разрядтарын алуға үміткер Өскемен құрылыс колледжінің Тәуелсіз сертификаттаудан өтуіне бас сарапшы ретінде салалық қауымдастық шақырылуы биылғы жылдың ерекшелігі болды.

Тәуелсіз сертификаттау қауымдастық құрамына кіретін «Промтехмонтаж» Басқармасы» ЖШС мамандарын тартумен ШҚО Кәсіпқой құрылысшылар қауымдастығының көмегімен өткізілді.

«Тәуелсіз сертификаттауды өткізудің мақсаты ШҚО Кәсіпқой құрылысшылар қауымдастығына кіретін құрылыс бейініндегі кәсіпорындарда жұмыс сапасына қойлатын талаптар аясында «Электрлі газды дәнекерлеуші» біліктілігіне сәйкестікті растау және беру болып отыр», - деді КжТББ Орталығы директорының міндетін атқарушы Ләззат Кездікбаева.

Палата және ШҚО Кәсіпқой құрылысшылар қауымдастығы, ШҚО білім беру басқармасы КжТББ Орталығы, «ШҚО Республикалық біліктілікті растау және беру ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ филиалы, Өскемен құрылыс коллекджі өкілдері жұмыс тобының құрамына кірді.

Теориялық тестілеуді бірінші кезеңде ШҚО РҒӘО АҚ филиалының мамандары өткізді. Кәсіби даярлық деңгейін бағалау және Тәуелсіз сертификаттау процедурасына қатысуға 18 өтініш беруші арасынан 17 студент арнайы пәндер бойынша білімді бағалаудың 60 пайыздық шектік деңгейінен өте алды.

Екінші кезең – тәжірибелік тапсырмаларды орындау – «Өскемен құрылыс колледжі» ҚММ екі өндірістік шеберханасының базасында өткізілді.

«Орындалған тәжірибелік жұмыстар сапасын Біліктілік комиссиясы бағалады. Мәлімделген біліктілік разрядын барлық түлектер бірдей қорғай алмады. Комиссия сегіз үміткердің разрядын төмендетті. Мынадай түйткілдер анықталды: тәжірибелік тестілеу ешбір жерде есептелмеген және негізделмеген қаржылай қаражатты қажет етеді; берілетін разрядтарға қойылатын талаптар бойынша белгілі бір дайындалған құзыреттіліктер қажет етіледі; өткізу базалары барлық критерийлер бойынша жабдықталуға тиіс; тәжірибелік тапсырмалар мен оларды өткізу механизмін қайта қарау керек», - деп жұмыс тобының мүшесі, ШҚО Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Роза Бісікенова өз ойымен бөлісті.

«Промтехмонтаж» ЖШС бас дәнекерлеушісі, біліктілік комиссиясының төрағасы Кирилл Филиповтың айтуынша, жұмыс беруші өткізетін тәуелсіз сертификаттау маңызды, бірақ мұны заңнамалық деңгейде өңдеп шығу керек.

«Түлектерді сертификаттау үшін оқыту және тәжірибе сапасының деңгейін көтеру қажет. Ал бұл дегеніміз, даярлық өткізетін маманға сонымен бірге жақсы еңбекақы төлену керек деген сөз. Сонда жоғары санатты шеберлер де даяланады. Және де, әрине, оқыту сапасына оқу орнындағы даярлық жүргізілетін материалдық-техникалық база сапасы да әсерін тигізеді», - деп есептейді маман. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер