«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қайта бағаланған теңге – экономикаға қауіпті

2015 жылғы 21 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
11279 просмотров

«Сәуле» ЖШС директоры Төлеуғазы Иманғалиев бағамның көтерілуі қажет әрі болмай қоймайтын құбылыс деп есептейді.

Ол басқаратын «Сәуле» ЖШС облыстың күллі өңірінде және одан тысқары жерлерде құрылыс-монтаждау жұмыстарымен және жөндеу жұмыстарымен айналысады.

- Доллар бағамының көтерілуі кәсіпорын қызметіне қалай әсер етеді?

- Доллар бағамының көтерілуі компаниямыздың дамуына қалай да әсерін тигізеді. Егер мұндай жағдайда, бағаны көтермесек, өндіріс шығын шегеді. Көбінесе шетелден сатылып алынатын дайын өнім бағасы көтеріледі. Ал қоймада бары әзірше бұрынғы бағамен сатылады. Отандық өндіріс тауарларының пайызы да әзірше көтерілген жоқ. Дей тұрғанмен, отандық өндірушілер, ерте ме кеш пе, өнімінің бағасын көтереді, себебі өндіріске қажет шикізат шетелден ағымдағы валюта бағамымен сатылып алынуы мүмкін. Қор бір күні таусылады ғой. Түрлі компанияларда бағалар түрліше өсуде. Мәселе валюталық құрамдаста: біреу тауардың көп бөлігін Ресейден сатып алатын болғандықтан, тек 3% көтереді, ал біреулер шетелдік жеткізушілермен белсенді әріптестікте, сәйкесінше, ол да шығын шеккісі келмейді».

Сіздің ойыңызша, болашақта доллар бағамының көтерілуі кәсіпорын қызметіне қалай әсерін тигізеді?

- Доллар бағамының кенет көтерілуі тауарды шетелден сатып алатын сауда компанияларына көбірек әсер етеді. Біздің кәсіпорынды да соларға жатқызуға болады. Сондықтан да дайын өнімдерді (сонымен бірге жабдықтарды да) сатып алу кезінде белгілі-бір шығын шегеміз, себебі ондай өнімді Қазақстаннан сатып алуға болмайды. Шикізат сатып алудағы жағдай біршама басқаша. Сапасы жөнінен шетелдіктен кем түспейтін біршама арзан отандық дүниелер баршылық. Сондықтан да біздің компания отандық шикізатты және өз материалдарын пайдалана отырып, өнімін бағасын көтермеуіне де болады. Дегенмен, Қазақстанда доллар өсуіне байланысты барлық дерлік тауарлардың бағасы өсетін болады. Бұл отандық өндірушілердің нарығымыздың сұрауын қанағаттандыра алмайтындығынан, ал сауда компанияларының импортқа жүгінуіне тура келетіндігі салдарынан орын алады. Бұл жағдайда компаниямыз қызметтер мен тауарлар бағасын көтеруге мәжбүр болады.

Осы тақырыпқа қатысты өз дәлелдеріңіз бен ұсыныстарыңызды келтірсеңіз.

- Доллар бағамының көтерілуі, яғни төл валюта бағамының төмендеуі бүгінде жаһандық деңгейде байқалуда, және де негізгі түрткі әлемдік нарықтағы ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету болып отыр. Осыған орай бағам көтерілуі қажет әрі болмай қоймайтын құбылыс. Бұл жағдайда үнемдеу қажет. Халық арасында сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Отандық өндірушілер үшін барлық қолдан келетін көмекті беруіміз қажет. Көбірек экспорттап, импортты азайтуымыз қажет.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер