«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» ҰКП туристік саладағы кәсіпкерлікті дамыту механизмдерін зерттейді

2015 жылғы 14 Қазан
10160 просмотров

Туризм саласындағы отандық кәсіпкерлер қаншалықты тиімді әрі ашық жұмыс жасайды?

«Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаеваның қатысуымен Ұлттық палатада өткен жұмыс кездесуінде осы және басқа да мәселелер талқыланды.

«Атамекен» ҚР ҰКП Ұлттық экономика министрлігінің мемлекеттік тапсырысы бойынша республика көлемінде Қазақстанда туристік саладағы кәсіпкерлікті дамыту механизмдеріне салалық зерттеу жүргізеді. Аталмыш зерттеу кәсіпкерлік қызметке талдау жүргізуден және туристік саладағы кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің ашықтығы мен жұмыстың тиімділігіне талдау жүргізуден тұрады.

Зерттеудің бір бөлігі халықаралық тәжірибеге жасалған талдауды негізге ала отырып, Астана қаласы үшін туризмді басқару үлгісін дайындауға арналған. Аталмыш жұмысты орындау үшін Елордалық туризм қауымдастығы америкалық Gaining Edge компаниясын тартты. Оны Берлин, Чикаго, Копенгаген, Дубай, Эдинбург, Хьюстон, Мельбурн, Токио, Ванкувер, Кейптаун және Богота сияқты қалалардың халықаралық жетекші конвеншн және визитор-бюроларына (туристерге арналған ақпараттық орталықтар және өңір туризмін басқару орталығы) қызметтерін ұсынатын Халықаралық Дестинация маркетингі қауымдастығы ұсынды.

Америкалық Gaining Edge компаниясының сарапшысы Милош Милованович атап өткендей, Астанада туризмді басқарудың оңтайлы үлгісін дайындау үшін туристік қызметті ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысатын барлық құрылымдардың өзара қалай әрекеттесетінін түсіну қажет, сонымен бірге бюджеттік талаптарды айқындап алу керек. Оның ойынша, жүргізілетін зерттеу түйткілді мәселелерді шешуге, мемлекеттік, қоғамдық құрылымдар мен бизнес мүддесінде кедергілер мен қайшылықтарды жоюда көмектесетін өте маңызды құрал болып табылады.

Қазақстандық туристік қауымдастық Президенті, ҚР ҰКП Туристік сала комитетінің төрайымы Роза Асанбаева бүгінгі таңда дестинациялар, конвеншн және визитор-бюроларды басқару жөніндегі ұйымды құру аса маңызды міндет екенін атады. Сонымен бірге, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК АҚ кеңесшісі ретінде ол келушілер мен туристер үшін көрмені өркендету аясындағы ұлттық компания қызметінің негізгі бағыттары жайлы сөз етті. Оның сөзінше, бұл бағыттарға «ЭКСПО-2017» үшін туристік өнім «портфолиосын» дайындау, «Recommended by EXPO» бағдарламасын дайындау және қолдану, әлемдік жетекші туристік - Booking.com және Trip-Advisor сайттарына Астана-ЭКСПО-2017 туралы ақпаратты орналастыру, қонақүйлер қызметкерлерінің біліктілігін көтеру, туристік бағыттарға түгендеу жүргізу, халықаралық туристік көрмелердегі Work Shop (әсіресе мақсаттық нарықтар - Ресей, Қытай, Иран, Жапония, Үндістан аумағында өтіп жатқандарда) кіреді.

Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаменті басқармасының басшысы Ж. Балғожин қазақстандық ұлттық бренд ретіндегі этно-туризмді белсенді түрде дамыту және ЭКСПО көрмесінің аясында туризмнің аталмыш түрін өркендету қажет екеніне ерекше назар аударды.

«Қазір сұхбатты табыспен құрып, Астанада ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде және одан кейін туризмді дамытуда одан арғы серіктестікке негіз қалаймыз», - деп түйіндеді «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Гүлнар Құрбанбаева.

Оның айтуынша қажет бағытта жұмыс жасауға деген түсіністік, ұстанымдар, ниет бар. Ақпарат та жеткілікті.

«Салалық зерттеу аясында нақты ұсыныстар дайындап, алғашқы тәжірибелер жасау қажет», - деп қорытты Гүлнар Құрбанбаева.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер