«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Банктер кәсіпкерлер үшін «күресетін» болады

2015 жылғы 23 Қазан
- Маңғыстау облысы
11700 просмотров

Банктер кәсіпкерлердің жобаларын үш жұмыс күні ішінде қарап, кредитке берілген өтінімдерді КҚКО менеджерлері дайындап беретін болады

Маңғыстау облысында екінші деңгейдегі 14 банктің филиалы мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өзара ынтымақтастық туралы бірыңғай келісімге келді.

ӨКП алаңында үш банк - «Цеснабанк», «Астана-финанс» және «Delta Bank» филиалдары ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Қалған 11 ЕДБ келісімге келесі аптада қол қояды, бұл «Fortebank Банк ВТБ», «Halyk Bank», «Банк ЦентрКредит», «АТФ Банк», «Нұрбанк», «Альфа банк», «Казкоммерцбанк», «Сбербанк», «AsiaCredit Bank», «Евразийский банк» және «RBK Bank».  

Тараптар КҚКО менеджерлерінің кәсіпкерлердің банктерден кредит алуы үшін қажет құжаттар тобын дайындайды деп келісті. Бұл - бизнес-жоспарлар, қаржылық есептер, заңгерік құжаттар және басқалары. Бұдан кейін құжаттар жиынтығы электронды форматта 14 банк филиалы мен «ҚазАгро» үш қаржы институтына бір уақытта жіберіледі.

«Банктер өз кезегінде үш жұмыс күні ішінде жобаларды қарап, КҚКО ең тартымды консультанттары жайлы хабарлап отырады. Бұл механизм қаржылау процесін жылдамдатып, бизнесмендер уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді. Аталмыш жаңалық, мұндай механизм тек біздің КҚКО-да жасалған. Осылайша, кәсіпкерлер ӨКП тарапынан күшті қолдауға ие болады», - дейді КҚКО директоры Олжас Қаржауов.  

Өзара көмек сонымен қатар ақпараттың қолжетімділігі мен ШОБ субъектілерін қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды өркендетуге бағытталған шаралар кешенін көздейді. Кәсіпкерлерде бизнестің специификасын ескеретін болжамды қаржыландырудың дұрыс құрылымдануы бойынша, кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық формасын ескере отырғандағы салық салу мәселелері бойынша, ШОБ субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету талаптары бойынша егжей-тегжейлі ақпарат алу мүмкіндігі пайда болады. Бизнесмендер сонымен қатар мемлекеттің екінші деңгейдегі банктермен бірге жүзеге асыратын бағдарламалары туралы, кәсіпкердің мүмкіндіктері мен мүдделерін барынша ескеретін ең оңтайлы шарттар ұсыну мүмкіндігімен банктер көрсететін қызметтер туралы ақпарат алатын болады.   

Маңғыстау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев атап өткендей, Палатаның міндеті кәсіпкерлік бастаманы жүзеге асыру үшін жағымды құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдай жасауға жәрдемдесу болып табылады.

«Ынтымақтастығымыздың табысты кәсіпкерлер санын көбейту үшін, шағын және орта бизнесті қолау үшін, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді жою үшін бірлескен іс-шараларды іске асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін», - деді ол.

Соңғы екі айда ғана КҚКО консультанттарының сүйемелдеуімен екінші деңгейлі банктердің жалпы сомасы 2,2 млрд теңге болатын 48 бизнес-жобаны қаржыландырғанын атап өту керек.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер