«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шешімін таппай жүрген мәселелер

2015 жылғы 18 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
10603 просмотров

Кәсіпкерлердің «ҚазАгроФинанс» акционерлік қоғамымен әрекеттестігі жүйелік және өзекті түйткілдердің бірі болып табылады

Аталмыш мәселе ӨКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесінің кезекті отырысына шығарылды.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий хабарлағандай, ӨКП атына кәсіпкерлерден жабдық жеткізу шарттарын жасаудың уақытын кешіктіру, кредиттік немесе лизингілік өтінімдерді қарау мерзімдерін созу, кейінге шегеруден бас тарту, сатылып алынған техниканы клиентке уақытында бермеу мәселелері бойынша өтініштер түсіп тұрады.

«Мәселен, асыл тұқымды ірі қара өсірумен және сатумен айналысатын Көкпекті ауданындағы «Талап» шаруа қожалығы «ҚазАгроФинанс» АҚ бас кеңсесі деңгейінде өтінім қараудың созылып кетуі салдарынан 120 бас асыл тұқымды малын өткізе алмай отыр. «Бережной» шаруа қожалығына да агроөнеркәсіп жобаларының негізгі қаржылай операторы арқылы лизингке алынған техника уақытын кешіктіріп, 3 айдан соң берілген. Мұндай мысалдар жетіп артылады. Аталмыш жүйелік мәселенің ұзақ уақыт бойы реттелмей келе жатқаны түсініксіз», - деп сұрақ тастады Игорь Шацкий.

Отырыс қорытындысы бойынша мәселелердің оң шешімін табу мақстанда сәйкес органдармен және мүдделі кәсіпкерлермен бірге аталмыш мәселелерді қарайтын жұмыс топтары құрылды.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер