«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Прокурор қорғауындағы бизнес

2015 жылғы 23 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
12308 просмотров

Жергілікті атқару органдары тарапынан бизнеске қысым жасаудың заңсыз әдістері тоқтатылуға тиіс

Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен өткен облыс прокуратурасы алқасының кеңейтілген отырысында айтылды.

Алқа отырысында кәсіпкерлер құқығын қорғау саласындағы прокуратура органдары жұмысының нәтижелері талқыланды.

«Кәсіпкерлер палатасы жұмысының негізгі басымдылығы кәсіпкерлер құқығын қорғау болып табылатыны сөзсіз. Бұған облыс прокуратурасымен тығыз ынтымақтастықсыз қол жеткізе алмас едік», - деп атады сөзінде ШҚО КП директоры Игорь Шацкий. Ол Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңесті ең тиімді алаң деп атады.

Игорь Шацкийдің айтуынша, кәсіпкерлік субъектілері көбінесе салық салу, жер қатынастары, мемлекеттік сатып алулар және рұқсат ету процедуралары саласында жүгінеді.

Атап айтқанда, қазірде жалған кәсіпкерлік дерегі бойынша өздеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатқан кәсіпорындармен мәмілелер бойынша ҚҚС-тың үстеме есептелуі салық саласындағы ең өткір мәселе болып отыр.     

«Мемлекеттік және құқық қорғау органдары ақшаны қолма-қол аудару операцияларын анықтау жөнінен көлемді жұмыс жүргізуде. Біздің ойымызша, қазіргі экономикалық ахуалды ескерсек, бұл жұмыс уақытылы ұйымдастырылмай отыр, мемлекеттік органдар тарапынан асыра сілтеушілік жоқ емес. Бұл жағдайдағы Палатаның міндеті – адал ниетті контрагенттерді қорғау», - деп атады өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры.

Палата бастамасымен облыстық прокуратура алдында жұмыс тобы құрылып, ол жалған кәсіпкерлермен жүргізілетін мәмілелердің шынайылығын қарайды.

Аталмыш саладағы тағы бір өткір түйткіл қолма қол ақша көмегімен сауда операциялары кезінде бензин, дизельдік отын, алкоголь өнімдерін көтерме және (немесе) бөлшек сатуды жүзеге асыратын кәіпкерлерді деректерді онлайн беретін бақылау-кассалық машиналарды орнатуға міндеттейтін 2015 жылғы шілдеде күшіне енген норма болып табылады.

Сөйтіп, «Қазақтелеком» АҚ қызметін толығымен төлеген кәсіпкерге қазан айында қандай да бір себептерін түсіндірместен, қызмет беруді тоқтатқан.

Оның үстіне, «Риддер Қазақстан» СК директорының бақылау-кассалық машиналарды интернет желісіне қосу туралы өтінішіне «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері «Қазақтелеком» АҚ ұсынатын, интернет желісіне қосылуға техникалық мүмкіндігі бар жаңа бақылау-кассалық машиналарды сатып алу қажет екенін мәлімдеген.

Бір ғана бақылау-кассалық аппарат құнының 250 мың теңге тұратынын атап өту керек. Ал кәсіпкердің 5 аппарат сатып алуы қажет, яғни «Қазақтелеком» АҚ кәсіпкердің аталмыш провайдер ұсынатын интернет желісімен жұмыс жасай алатын аппараттарды сатып алуға 1 миллионнан астам теңге жұмсауын ұсынып отыр.

Кәсіпкердің қолындағы бақылау-кассалық аппараттардың сәйкес тізілімге қосылғанына және Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілгеніне назар аудартқымыз келеді. Әрі оларды интернет желісіне қосу мәселесі кәсіпкердің қалыпты қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс.

Келесі бір маңызды аспект  - бұл меншік құқығын қорғау.

«Конституцияда Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде кез-келген заңды түрде сатылып алынған мүлкі болуы мүмкін екені көзделген. Ешкім де сот шешімімен болмаса, басқаша түрде меншігінен айрылуы мүмкін емес. Алайда прокурорлық тексеріс меншік құқығын қорғау туралы бизнес субъектілерінің конституциялық құқықтарына қастандық жасаушы мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттерін анықтап отыр», - деп жеткізді ШҚО прокуратурасы әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі басқарма бастығы Рустам Шідердинов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер