«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Техникалық куәландыру кәсіпкердің қалтасына жүктеме болуы мүмкін

2015 жылғы 24 Желтоқсан
- Шығыс Қазақстан облысы
13959 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы сараптау ұйымдарының қызмет көрсетуіне бизнес үшін бірыңғай, қолжетімді тарифтер орнатуды ұсынады

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының пікірінше, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде есепте тұрған сауыттар, цистерналар мен баллондарды техникалық куәландыру құны тым артық.

"Мәселе сараптау ұйымдары қызметтерінің тым шығынды болып табылатындығында болып отыр. Мәселен, кәсіпорын атына жолданатын баға ұсыныстарына қарағанда, 28 сауыт пен 42 жүк көтергіш механизмге куәландыру жүргізу үшін бір кәсіпкерге 10 миллионнан астам теңге қажет болады», - деп түсіндірді Палата директоры Игорь Шацкий.

Жаңа Қағидаларға сәйкес цистерналардың алуан түріне техникалық куәландыруды 12 айда бір рет және жекелеген жағдайларда 2 жылда бір рет жүргізу талап етіледі.

Игорь Шацкийдің айтуынша, таяу болашақта бизнестің негізсіз шығындары табыстың кенет төмендеуіне алып келеді де, осының салдарынан жабдықтарын техникалық куәландыруды қажет ететін кәсіпорындардың банкроттығы орын алады.

Кәсіпкерлер палатасы осыған байланысты техникалық куәландыру жүргізу функциясын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық депаратменттеріне беруді, не болмаса сараптау ұйымдарының қызмет көрсетуіне бизнес үшін бірыңғай, қолжетімді тарифтер белгілеуді ұсынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер