«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Әлеуметтік серіктестіктің үлгісі

2016 жылғы 11 Сәуір
- Астана қаласы
13006 просмотров

Индустриалды-экономикалық колледж студенттері жұмыссыз қалмайды

Астанадағы осы колледжге Академик Ғабдығаппар Сейітқасымовтың қонаққа келу құрметіне орай елордалық Кәсіпкерлер палатасының қатысуымен ұстаздармен кездесу ұйымдастырылып, Наурыз тойланды.

Бұл кездесуге Қазақ ұлттық экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің профессорлар-ұстаздар құрамы қатысты. Кездесуде тараптар колледждің дамуы туралы, келешегі хақында, болашақтағы серіктестік туралы пікір алмасты.

2015 жылдың қарашасында өткен «Кәсіби білім мен кәсіпкерлік: серіктестер диалогы» атты 6-қалалық форум колледж, білім басқармасы, ҰКП пен кәсіпкерлер арасындағы төртжақты келісімге қол жеткізген. «Қонақ үйлерге қызмет көрсетуді үйрету» мамандығын бойынша дуалды оқыту туралы арнайы меморандумға қол қойған. Биыл алғашқы қарлығаштары оқып жатыр. Олар «Роял Комфорт Астана» қонақ үйінде тәжірибе жинақтауда.

«Астаналық Кәсіпкерлер палатасының көмектесуімен қаладағы мықты кәсіпорындармен әлеуметтік серіктестік аясындағы келісімге қол жеткіздік. Олар «Цесна банк» АҚ, «Консалтинг капитал» ЖШС, «Роял Комфорт Астана» ЖШС, «Астана су арнасы». ҰКП арқылы «Самұрық-Энерго» АҚ сияқты ірі компаниямен серіктестігіміз дамып жатыр. Мұндай серіктестік дуалды оқытудың барлық талаптарына сай болуымызға көп үлес қосып жатыр. Лайықты нәтижеге қол жеткізіп отырмыз. Мысалы, дуалды жүйемен оқитын бір студентіміз әлеуметтік серіктес компанияға жұмысқа тұрды», – дейді Колледж директорының орынбасары Жанар Төребекова.

Индустриалды-экономикалық колледж Ғ.Сейітқасымов атында. 2005 жылы академиктің өз қалауымен құрылған. Бүгінгі таңда оқу ордасы 1200 адамды оқытып жатыр. Өзінің оқу ғимараты, жатақханасы бар. Сегіз мамандық бойынша білім алуға болады. Мемлекеттік тілде, орыс тілінде сабақ өтеді. Мемлекеттік оқу гранттары да бөлінеді. Былтыр 50 орын жергілікті бюджеттен, 50 орын республикалық грант болды.

Қонақтар оқу ордасының материалды-техникалық базасын жоғары бағалады. Академиктің бастамасы үлкен нәтиже беріп жатқандығын айтты.

Наурыз тойында бас дастарқан түрлі тәттілерге толы болды. Наурыз көже таратылды. Ұлттық салт-дәстүр көрсетілді. Ән салып, би биленді. Студенттер арасындағы ең дәмді тағам байқауы өтті. Күн салқын болса да аудиториялардың бірінде арнайы тігілген киіз үйдің ішінде ынтымақ пен берекенің лебі сезілді. Кездесуге келушілер пайдалы мен қызықты дүниені қосарлағанына қуанып қайтты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер