«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Павлодар кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасалған

2016 жылғы 14 Сәуір
- Павлодар облысы
10306 просмотров

Республикалық «Іскерлік ахуал – 2015» рейтингі бойынша Павлодар облысы 4-ші орын алды.

«Атамекен» ҚР ҰКП тапсырысы бойынша Экономикалық зерттеу институты әлеуметтік зерттеу жасап шықты. Рейтинг кәсіпкерліктің дамуының ішкі және сыртқы жайттарына біркелкі мән берген.

Кәсіпкерлік ортаның жағымды дамуының бір көрсеткіші инвестицияның тартылғаны мен негізгі капиталы. Бұл бағытта еліміздегі өңірлер бойынша Павлодар облысы көш басшылардың бірі атанды.

Жылы мұнда 440 млрд. теңге инвестиция тартылған. Бұл 2014 жылға қарағанда 23% жоғары болған. 

Бұл өңірде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өсіп, бүгінгі таңда 44 мыңнан асты. Осыған сай жұмыспен қамтылған адамдар саны да артып, 130 мыңнан асты.

Кәсіпті қолдау институттарымен қатар Кәсіпкерлер палатасы да өңірлердегі шағын және орта кәсіпкерлікті өркендетудің тиімді механизмдерін ұсынады. Отандық тауар өндірушілерге өнімін сату мен өткізуге жағдай жасалады. Облыстық палатаның қолдауымен 2015 жылы ірі кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпкерлік нысандары арасында 800 миллионнан астам теңге пайда түскен. 2016 жылдың 1 тоқсанында бұл сома 2 млрд. теңгені құрап отыр. Мұның барлығы өңірлік палатаның ірі кәсіпорындармен меморандумға қол қоюының арқасында жүзеге асты. 

Кәсіпкерлер нысанының өсуі өңірдегі кәсіпкерліктің белсенді болуының басты көрсеткіші. Бұған кәсіпкерлікке қаржылай емес қолдау керек деген өтініштердің көбеюі дәлел. Егер 2014 шағын және орта кәсіпкерліктің 512 субъектісіне 718 рет қызмет көрсетілді. 2015 жылы мұндай қызмет көрсетуге деген ынта 2,8 есе  көбейді. Немесе шағын және орта кәсіпкерліктің 1450 субъектісі, оларға 2093 рет қызмет көрсетілді.

Павлодар облыстық кәсіпкерлер палатасының өңірлік бөліміне, Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына келіп, мемлекеттік қолдау сұраған, кеңес сұраған кәсіпкерлер саны артты. Биылғы жылдың 1 тоқсанында 1556 клиент өтініш білдірді. Оларға 3329 кеңес берілді. 2015 жылдың 1 тоқсанына қарағанда 16% жоғары екен. Ол кезде 1307 клиентке 1950 кеңес берілген.

Белсенділіктің күшеюі білікті менеджер-кеңесшілердің тегін кеңес беруін атап өтсек болады. Олар шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатындарға мемлекеттік қолдау туралы айтып берді.

Жалпы айтқанда Павлодар облысы рейтинг бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға аса ыңғайлы, жайлы өңір деп танылды. Онда экономиканың басты салалары: энергетика, тау-кен өндірісі, металлургия тұрақты дамып, теміржол, машина жасауда жаңа салалар пайда болып жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер