«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Отандық өнімдер Омбыға жол тартады

2016 жылғы 17 Мамыр
- Павлодар облысы
11443 просмотров

Павлодарлық өнім өндірушілер өз өнімдерін шекаралас жатқан Омбы облысына жеткізіп тұратын болды

Екібастұздық бизнесмен, Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «ЭМИРЭЙТ» ЖШС директоры Мирхат Мұсанап қазақстандық бизнесмендердің шекаралас жатқан Омбы облысына жұмыс сапары шеңберінде отандық өнімдерді Ресей нарығында саудалауға қатысты бірнеше меморандумға қол қойды.

Бизнесменнің айтуынша, іскерлік сапарды Қазақстанның Сырты сауда  палатасы «KAZNEX INVEST» АҚ-мен, Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігімен, Омбы облысы үкіметімен және еліміздің Омбыдағы консулдығымен бірлесе отырып ұйымдастырған.

Бизнес-кездесулер барысында агроөнеркәсіп кешені саласында, тамақ, құрылыс, химиялық және қаптау өнеркәсібі салаларында жұмыс істейтін 20 отандық өнім өндіруші өздерінің өндірістік мүмкіндіктерін таныстырды. Олар сонымен қатар, Омбы облысындағы «МилкОм» ЖШҚ-ны, «Региональный АгроЦентр «Дружино», «Комбинат пористых материалов», «Жилье» тұрғын үй құрылысын дамыту қоры сияқты бірқатар кәсіпорындарды аралап көрді.

Кездесу нәтижесінде «Сағып» ЖШС-ның тең құрылтайшысы саналатын Мирхат Мұсанап «СибТранс» ЖШҚ-мен өзі өндіретін қымызды Омбы облысы мен Ресей Федерациясының өзге де өңірлеріне жеткізу туралы келісімге қол қойды. Одан бөлек, Екібастұзда танымал павлодарлық «Крендель» ЖШС-ның франшизалық жобасы бойынша «Крендель Екібастұз» ЖШС-ның ресми брендтік кофехана-кондитерін ашу көзделуде. Осыған байланысты бизнесмен «Альфа Бизнес» ЖШҚ-мен өндірістік және кондитерлік құрал-жабдықтар сатып алу туралы тағы бір келісім жасасты. Өз кезегінде екібастұздық кәсіпкер омбылық «Дружино» агроорталығына Қазақстанда ортақ кәсіпорын-жылыжай кешенін ашу туралы ұсыныс білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер