«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жастық шақтың тәжірибемен ұштасуы

2016 жылғы 17 Мамыр
- Павлодар облысы
10633 просмотров

Павлодарда компания басшылары «Кемел кәсіпкер» бизнес-кейстерді шешу чемпионатына қатысқан жас кәсіпкерлермен кездесіп, тәжірибелерімен бөлісті

Олардың барлығы – бизнесті жүргізудің барлық кезеңдерінен өткен және бүгінде өңірдегі белгілі компаниялар тізгінін ұстап отырған табысты кәсіпкерлер.

Бизнесмендер жастармен достық қарым-қатынас орнатып, өз білімдерімен және тәжірибесімен бөлісті. Бұл кездесу ісін жаңадан бастаған, креативті ойлары бар жас қыздар мен жігіттер үшін пайдалы әрі өнімді болғаны сөзсіз.

«Бона» ЖШС директоры Нұрлан Ережеповтың айтуынша, мұндай шаралар жаңа бизнес-идеялар туралы білуге, сондай-ақ әлеуетті дарын иелерін тануға мүмкіндік бермек. Нұрлан Ережепов бизнесін халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа өз жобасын ұсынып, қайтарымсыз грант ұтып алудан бастаған. Ол американдық ғалымдармен бірлесе отырып, Қазақстан үшін өзекті дезинфекциялау құралдарының жаңа формаларын ойлап тапқан. Стартаптың 70%-ын мемлекет қаржыландырған.

Бизнесті табысты жүргізу үшін, ең бастысы, сатылым жүйесін жолға қою қажет деп санайды кәсіпкер. «Бона» ЖШС Павлодар облысы АЭА қатысушысы болып саналады. Бұл бизнесті жүргізуде оларға артықшылықтар береді.

Екінші бизнесмен, «ZUVER» ЖШС директоры Арнұр Нұрғалиевтің айтуынша, кез келген компания үшін табыс кепілі клиенттермен сапалы жұмыс жасаудың жолға қойылуы бола алады. Әрбір клиентпен жеке жұмыс жасалуы тиіс. «ZUVER» ЖШС-нің басты мақсаты – тапсырыс берушінің бюджетін барынша үнемдеу. «Біз есептер жүргіземіз, осының арқасында тапсырыс берушіның шығынын 30-40%-ға азайтамыз. Компания жұмысының негізгі бағыты – бұл гидро-бу оқшауландыру, коррозияға қарсы тұру және химиялық қорғау. Компания  «ЭКСПО – 2014 ТКШ» көрмесіне қатысқан», – деп айтып берді компания басшысы.

Тағы бір кәсіпорын «НВС» ЖШС қызметінің басты бағыты – құрылыс, десек те, фирма өзге де көптеген қосымша жұмыстармен айналысады. «Кез келген бизнес мобильді болуы тиіс, бастысы – нарық жағдайына тез бейімделе алуы керек. Уақыт оздырмау керек, ұдайы жетіліп отыру қажет. Бизнес үшін кез келген білім қажет», – деді ЖШС басшысы В.Шароваров.

Жас кәсіпкерлер болса, өз бизнес-жобаларын таныстырып, аға әріптестерімен бірге жаңадан іс бастаған кәсіпкер үшін өзекті деген мәселелер мен қиындықтарды талқыға салды. Сонымен бірге, чемпионат қатысушыларының жобаларына баға беріліп, бизнесті жүргізу бойынша ұсыныстар мен ескертпелер айтылды.

Кездесуді қорытындылай келе, «Атамекен» ҰКП адам капиталын дамыту департаментінің директоры Олжас Ордабаевтың айтуынша, белсенді әрі алға ұмтылған студенттер арасында бизнес-кейстерді шешу бойынша чемпионат өткізу  жастар кәсіпкерлігін кеңінен таныту, кәсіпкерлік мәдениетін дамыту, стартап-қозғалыстарды және жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында өткізіліп отыр. «Тәлімгерлікті дамыту керек. Жастық пен тәжірибе арасында кері байланыс орнату қажет», – деді ол. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер