«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мамандықты мектеп жасынан таңдау

2016 жылғы 19 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
10418 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен бірлесе отырып, қалалық мектептердің жоғары сынып оқушыларына арналған мамандықтар жәрмеңкесін ұйымдастырды

Ұйымдастырушылар бір жерге сауатты қызметкер іздеген жұмыс берушілерді, қажетті мамандық пен оқу орнын іздеп жүрген жастарды жинады.

Кәсіпорын жетекшілері оқушыларға өз кәсіптерінің ерекшеліктерімен, тәжірибелерімен, жолыққан қиындықтарымен, жеткен жетістіктерімен бөлісті.

«Мамандықтар жәрмеңкесі – жастар өмір жолын таңдар алдында, сондай-ақ, кәсіпорындар үшін білікті мамандарды іздеуде жастардың кәсіби бағытын анықтауға ықпал етеді», – дейді «Өскемен ЖЭО AES» кәсіпорнының қызметкерлермен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы Анар Садықова.

«Мұндай іс-шаралар білім алушылардың болашақ кәсіптерін таңдауына, соған сай пәндерді тереңдетіп оқуына ықпал етеді. Балалардың таңдауды өздері жасауы ұстаздардың жұмысын жеңілдетіп, сабақ барысын оңтайландырады, педагогтың оқушы үшін лайықты оқу-әдістемесін таңдауына ықпал етіп және қосымша сабақтар өтуіне, тестік тапсырмалар беріліп, орындалу сапасына баға берілуіне сеп болады», – дейді Өскемен қаласы Назарбаев зияткерлік мектебінің кәсіби бағдарлау бойынша кеңесшісі Еркін Әміре.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер