«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнеске бет бұрған бойжеткендерге сабақ

2016 жылғы 20 Мамыр
- Шығыс Қазақстан облысы
8950 просмотров

Өскеменде «Авангард плюс» жас кәсіпкер ханымдар мектебінің таныстырылымы өтті

Жастардың инновациялық және кәсіби әлеуетін жандандыруға бағытталған жобаны Шығыс Қазақстан облысының Іске әйелдер кеңесі іске асырып отыр.

Жас кәсіпкерлер мектебі өз жұмысын қыркүйектен бастайды. Мұнда жеке кәсіпкерлікпен айналысқысы келетін кез келген адам қажетті кеңес ала алады. Кәсіпкерлік қызметтің оң және теріс тұстары мен мүмкіндіктері туралы дәріс тыңдағаннан кейін, «Авангард плюс» мектебін тәмамдағаны жайында сертификат беріледі. Сонымен қатар, кәсібін ашқысы келетін оқушылардың бастамасына құқықтық және басқа да мәселелер бойынша кеңес беріледі. Мектеп жұмысын таныстырылымы еркін пікір алмасу түрінде өтті. Кәсіпкерлігімен белгілі қайраткерлер және кәсіпкерлер жастарға өз тәжірибелерінен мысалдар айтып, ақыл-кеңестерімен бөлісті.

Облыстық көмек көрсету қорының директоры және «Іскерлік болашақ»  кәсіби білім бағдарламасын жүзеге асырушы Светлана Прыгова бизнес құрудың кезеңдері мен кәсіпкерлердің жолдарында кездесетін қиындықтарға тоқталды. Бүгінгі таңда мемлекет жастардың бизнес-идеяларын жүзеге асыруға көп көңіл бөліп отырғандығын атап өтті. Сондықтан, «Біліміңді үздіксіз толықтырып және алға ұмтылсаң болғаны», дейді ол.  

«Жарнама үйі» жарнамалық агенттігінің директоры Ольга Семенина жастарға уақытын дұрыс ұйымдастыруға және жақсы дағдылар қалыптастыруға кеңес берді.

«Біз жұмыс берушілерге өз уақытымызды сатамыз. Әрбір минутыңызды дұрыс жұмсай білсеңіз, сіз ешкімге тәуелді болмайсыз. Уақытыңызды өзіңіз бағалаған қымбат бағаға сата аласыз. Бұл бизнестің негізі. Ал, жақсы дағдылар қалыптастыру жетістікке жеткісі келетін кәсіпкерлерге қойылатын міндетті шарт».

Таныстырылым барысында кәсіпкерліктің қай саласын таңдамасын, кез келген кәсіпкердің алдынан шығатын құқықтық мәселелер туралы ақпарат берілді. Бизнес ортадағы құқықтық мәселе бойынша «Мемлекеттік сатып алу консалтингі» ЖШС директоры Андрей Романов дәріс оқыды. Жоғары оқу орнының бұрынғы ұстазы, ісі алға басқан фирманың қожайыны құқықтық қарым-қатынас туралы сөз етті. Сөзсіз, шаруа қожалығы мен өндірістік қызмет ұсынатын кез келген кәсіпорынның құқықтық қарым-қатынасының негізі жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы ынтымақтастықты заңдастыру болып табылады. Көп жағдайдағы кәсіпкерлердің қателігі ­– қарапайым қателесуден мойнын ала қашуы және ойланбай қадам жасауында болып отырғандығын айтады Андрей.

Соңғы дәріскердің дамудың және соңғы нәтижеге жетудің мақсаттары туралы айтты. «Ана үйінің» үйлестірушісі Наиля Оңғарбаева рухани даму жайында кеңес берді. Өздеріңіз білетіндей, жыл сайын ата-анасыз қалған балалардың саны артып барады. Сәбилер үйінде жетім қалған тұтастай ұрпақ өсіп келеді. Қазақстанға белгілі кәсіпкердің «Ана үйін» құруы осындай жетімдердің санын азайту мақсатымен байланысты. Ол кәсіпкер қоғамда орын алып жатқан жағдайларға бей-жай қарамауы тиіс дейді. Қатысушылар жетістікке жеткен кәсіпкерлердің ел мен халық тағдыры үшін атқарып жатқан игі істері туралы біліп қайтты. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша аналарды қолдау орталығы «Ана үйі» ашылған, бұл қоғам үшін кәсіпкерлердің алғашқы жасап отырған қайырымдылығы емес.

Таныстырылымның соңында қатысушылар ақпараттық материалдар алып, кейбіреулері бірден «Авангард плюс» мектебінің сабақтарына жазылып жатты. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер