«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Іскер әйелдердің даңғыл жолы

2016 жылғы 03 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
10191 просмотров

Көкпекті қыз-келіншектері бизнестің жаңа салаларын игеруде

Шығыс Қазақстан облысындағы 2015 жылғы ең ауқымды жоба Кәсіпкерлер палатасы Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, «Көкпекті жолдары» ЖШС басшысы Гүлнәз Нұрғалиеваның асфальт-бетон зауытының ашылуы болды

Былтыр жазда Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен барған Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий мен «Даму» қоры өңірлік филиалының директоры Тимур Екеев ЖШС басшысының зауыттың табысты қызмет етуі жолында атқарған жұмысына таңдай қаққан. Бүгінде зауыт аудан мен облыс игілігі үшін табысты қызмет етуін жалғастыруда.

Аудандық Кәсіпкерлер палатасының жанынан бір жыл бұрын құрылған Көкпекті аудандық Іскер әйелдер кеңесі ауылдың еңбекші әйелдерін бизнеске тарту бойынша қызу жұмыс атқаруда. Облыстық Іскер әйелдер кеңесінің басшысы Елена Березинская-Әбілова мен өңірлік Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкийдің бағалауынша, Көкпекті Іскер әйелдер кеңесінің қызметі Шығыс Қазақстан бойынша анағұрлым тиімді жұмыс жасап жатыр.

Көкпекті аудандық ӨКП жұмысына Әлия Мұқашева төрағалық етеді. Ол көп жылдардан бері ауданның бизнес-ханымы ретінде танымал. Оның қарамағындағы ұйымының басты міндеті –  мал шаруашылығы, өсімдік өсіру, туризм, балықты қайта өңдеу және т.б. салаларында ауданның кәсіпкерлік әлеуетін арттыру. Кеңес көкпектілік кәсіпкер әйелдерді қызмет саласын дұрыс таңдауға бағдарлап, тұрғындар арасында сұранысқа ие бизнес салаларын меңгеруге бағыттайды. ІӘК мүшелері, сонымен бірге, Кәсіпкерлер палатасының атынан мемлекеттік сатып алуларды өткізуге қатысады.

Іскер әйелдер кеңесінің коммерциялық құрылымдармен және мемлекеттік органдармен дұрыс жолға қойылған қарым-қатынасының арқасында көкпектілік қыз-келіншектер былтырғы жылдың ішінде өз бизнестерін ашып, қолда бар бизнестерін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік алды.

Көкпекті ауданының ауылдық округтарында мемлекеттік қолдау шаралары туралы түсіндіру жұмыстары кезінде ІӘК кеңесшілері бизнесін жаңадан бастаушыларға өз бизнес нұсқаларын «100 жоба» анықтамалығынан қарауды ұсынды. Ұсынылған мүмкіндікті ауданның үш бизнес-ханымы пайдаланды. В.Гранкина «Тұрмыстық заттар үйін», Л.Құдайбергенова «Наубайхана», К.Зәкірова  «Тұшпара цехын» ашты.

Көкпекті ауданында бизнесті дамытуға қосылған қомақты үлес ретінде жас бизнесвумен Бақыт Айдарованың жаңа ұсақ тауар кооперативін ашуын атап өтуге болады.

Сонымен бірге, Кеңес Сарыбел округіндегі кәсібін жаңа бастап жатқан Маянова мен Жапарқұловаға арнап бизнес-жоспарлар даярлаған. Олар этнотуризмен айналыспақ ниетте.

Көкпекті ауданының 40-тан астам тұрғыны былтырғы жылдың жазында «Бизнес-кеңесші» тренингінде бизнес негіздерін үйренді. Ауылдың бірнеше қыз-келіншегі аспаз, шаштараз курстарын оқып, біліктілікке ие болды.

Өскемен қаласының Іскер әйелдер қауымдастығының бастамасын қолдау үшін Көкпекті ІӘК мүшелері «Барлығы алғыс үшін» бөлімшелерін ашуға белсенді атсалысуда. Бөлімшелерді Көкпекті ауданында Б.Мүрсәлімова, Белен округінде М.Дәуітова, Миролюбовский округінде В.Гранкина, Сарыбел округінде Н. Солтанғазиновалар ашқан. Кеңес мүшелері М.Дәуітова мен О.Исаенко 1-топтағы мүгедек, қолдан ойыншықтар жасаумен айналысатын бастаушы кәсіпкер Жанна Жабековаға материалды көмек көрсетті.

КПФ ІӘК алдағы жоспарында ауыл еңбекші әйелдерімен кездесу өткізу, жаңа бизнес-жобаларды іске қосу және жүзеге асыру, әрекеттегі өндіріс орындарын кеңейту, ұсақ тауарлы кооперативтерді жасау, ішкі туризмді дамыту бар. Атқарылған жұмыс нәтижелері мен Көкпекті ауданының Іскер әйелдер кеңесінің сәтті тәжірибесі туралы  біз өз оқырмандарымызға тұрақты түрде хабарлап тұрамыз.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер