«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Болашаққа» жаңа санат қосылды

2016 жылғы 15 Маусым
7933 просмотров

Биылғы жылдың 13 маусымында «Болашақ» халықаралық шәкіртақысын тағайындау байқауына қатысу үшін құжаттар қабылдаудың екінші кезеңі басталды

Шәкіртақы «Магистратура», «Докторантура», «Резидентура» және «Тағылымдама» бағдарламалары бойынша тағайындалады.

2016 жылдан бастап жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында магистр дәрежесін алу үшін «инженерлік-техникалық жұмысшы» (ИТЖ) деп аталатын жаңа санат енгізілгенін еске саламыз.

Шәкіртақы тағайындауға арналған байқауға жоғары техникалық білімі мен өндірісте екі жылдан кем емес, оның ішінде соңғы 12 айды қамтитын тәжірибесі бар инженерлік-техникалық жұмысшылар қатыса алады. Мамандарды даярлау тікелей жұмыс берушінің өтінімі бойынша жұмыс орнының сақталу міндеттемесі арқылы жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда алдын ала тілдік даярлық, техникалық ғылымдар мен шәкіртақы иелеріне технологиялардың басым мамандықтары бойынша магистр дәрежесін алу үшін әлемнің жетекші ЖОО-да оқуға орналасуға көмек беру қарастырылған. Оқу мен шетелге шығуға кеткен шығындардың барлығы «Болашақ» шәкіртақысы есебінен жүзеге асады.

Құжаттарды мына мекен-жай бойынша: Астана қаласы,  Орынбор көш., 4-үй, «Алтын орда» бизнес-орталығы, сонымен бірге тұрғындарға қызмет көрсету орталықтары мен «электрондық үкімет» порталы арқылы тапсыруға болады. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер