«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мықты көлік жөндеу шебері болам десеңіз...

2016 жылғы 16 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
10586 просмотров

Колледжде Кәсіби және техникалық білім (КжТБ) мазмұнын жаңғырту студенттерді дәстүрлі емес оқыту түріне көшіруге жол ашты

Бұл К.Нұрғалиев атындағы колледжде Автокөлікті жөндеу, пайдалану және қызмет көрсету мамандығы бойынша оқитын студенттерге 2-3 курс бойы 5 кәсіби модульді оқып үйренуге және оны қорғауға мүмкіндік берді. Кеше, соңғы, бесінші «Слесар-электроншы» біліктілігін тағайындауға арналған модуль бойынша емтихан өтті.

Сараптама комиссиясының құрамына, әдеттегідей, жұмыс берушілер мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. Емтихан нәтижесі бойынша 30 суденттің 26-на ӨКП біліктілік дәрежесін растау жөніндегі сертификаттар тапсырды.

«Менің достарым басқа колледждерде оқиды және оларда өздерінің кәсібилік  шеберлік дәрежесін растайтын куәлік жоқ, ал менде ондай куәліктің тіпті төртеуі бар, бұлар жалпыслесарлық жұмыстар және ТБ слесарі, дөңгелек құрастырушы, автомобильдің жүру бөлігін жөндейтін слесарь, моторист, ал бүгін бесіншісін қорғадым», – деп өз қуанышымен бөлісті Александр Коротаев.

«Жазда біз кез-келген ТЖО-да жұмыс істей аламыз, өйткені біздің қолымызда біліктіліктер бойынша растама-сертификатымыз бар, ал кейбір топтастарымнің арасында  2-ші және 3-ші модульдерді қорғағандары бар», – деп сөз қосты Темірлан Мұқанов.

Кәсіпкерлер палатасы жұмыс берушілер талаптарына негізделген колледждің бұл экспериментін қолдайды. Ал 8 жұмыс берушімен, ШҚО КП тәжірибесін қолдауымен, осы мамандық бойынша кадрларды дуальды жүйе арқылы даярлау туралы шарттар жасалған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер