«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Құтқарушылардың ақысын кім төлейді?

2016 жылғы 22 Маусым
- Шығыс Қазақстан облысы
8219 просмотров

Жергілікті жердегі мемлекеттік органдар кәсіпкерлерді алдайды немесе олардың сенімін теріс пайдаланады, сөйтіп оларға мүліктік зиян тигізеді

Айталық, «Зырян-Сапа» ЖШС директоры Азат Төретаевтың мәлімдеуінше, өткен жылдың көктемінде әкімдіктің өтініші бойынша олардың кәсіпорны аудандағы су тасқынының салдарын жоюмен айналысқан, ақыр соңында орындалған жұмыс үшін төлемақыны алмады, тиісінше, едәуір шығынға ұшырады. Кейін анықталғандай, Зырян ауданының әкімдігі кәсіпорынмен келісімшарт жасамаған. Әкімдік берген сметаның негізінде, өз кезегінде, ЖШС жұмысқа қосалқы мердігерлерді тартқан, енді олар көрсеткен қызметтері үшін төлемақы талап етіп отыр және компанияны сотқа берді. Мәселенің құны – 68 миллион теңге. Оның үстіне, қалыптасқан жағдаятқа орай, «Зырян-Сапа» ЖШС салықты да және өз қызметкерлеріне жалақы да төлей алмады.

Кәсіпорын мемлекеттен орындалған жұмыс үшін өзіне тиесілі ақшасын алу және содан кейін борышкерлерімен есеп айырысу үшін көмек сұрап Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

«ШҚО Зырян ауданының басшылығы ЖШС-ны жаңылдырып, тек «Зырян-Сапа» ЖШС-на ғана орындалған жұмыстар үшін 68 миллион теңге мүліктік зиян тигізіп қоймай, сонымен қатар «Плюс» ЖШС-на 89 млн теңге, «Эксперимент» ӨК-ге 60 млн теңге, «Колор» ЖШС-на 30 млн теңге сомасында зиян шектірді», – деп түсіндірді қалыптасқан жағдаятты ШҚО Кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары Динара Мұхамеджанова.

Бұл мәселе Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңесте, «Атамекен» ҚР ҰКП Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте бірнеше рет көтерілді.

Алайда, құтқару қызметімен айналысатын бизнесмендердің ынта-жігеріне қарамастан, бірінші инстанциядағы сот келісімшарттың болмауына орай шешім шығарып, кәсіпкерлерді банкроттық тығырыққа тіреп қойды.

Айта кететін жайт, ТЖ кезінде су тасқынына қарсы жұмыстарды көрсеткені үшін келісімшарттар жасалмаған.

«Әрбір минут қымбат болған сәтте және менің ауылдастарымның жүздеген  үйлері су астында қаупі төнгенде біз жедел әрекет еттік. Мен біздің қолымызда  ниет түріндегі келісімшарт бар екеніне баса назар аудартқым келеді, мұнда «келісімшарт тек ТЖ жағдайында ғана заңды күшіне енеді» деп анық жазылған», – деп атап көрсетті Азат Төретаев. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер