«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесте алалау жоқ

2016 жылғы 22 Шілде
- Шығыс Қазақстан облысы
6317 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының іскер әйелдеріне ауылдық жерлерде шағын несие берудің гендерлік ерекшеліктері жайлы айтылды  

Өскемендік бизнесмен әйелдерге арналған оқу семинарын Мәжіліс депутаты, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның Сараптау кеңесінің мүшесі Ирина Унжакова ұйымдастырды. 

Шараға Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссиялардың, әртүрлі мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, Іскер әйелдер кеңесінің, Шығыс Қазақстан бизнес-қауымдастығы өкілдері қатысты.

Ирина Унжакова оларға бюджеттік шығыстарды гендерлік жоспарлау, шағын және орта бизнесті қорғайтын мемлекеттік бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру кезіндегі гендерлік нәзіктік туралы әңгімеледі. 

Шараның екінші сессиясы тіпті қызу өтті: мәжіліске қатысушылар ШОБ субъектілерін қолдауға бөлінген  қаржы құралдарына ауыл әйелдерінің қолы жете ме, жоқ па деген мәселеге пікір таластырды. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарына ауылдағы кәсіпкер әйелдердің  қолжетімділігін арттыру жайлы біраз ұтымды ұсыныстар да айтылды.

Талқылау қорытындысы бойынша қолданыстағы бизнесті дамыту бағдарламаларына өзгерістер, мемлекеттің гендерлік саясатын жүзеге асыратын жаңа тәсілдер енгізу ұсынылды. Депутат Ирина Унжакова бұл ұсыныстарды Әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияға, тиісті министрліктер мен мемлекеттік басқару органдарына жеткізу барысын  өзі бақылайтын болды. Шара  аяқталған соң өңірдегі гендерлік қозғалыстың ең белсенді  қатысушыларына депутаттың қоғамдық көмекшілері деген мандат, ал гендерлік саясатта азаматтық белсенділік танытқандарға дипломдар тапсырылды.  


Ұқсас жаңалықтар:

Саяси кеңес алдында сараптады
25 Қазан
2016
Жетісу облысы
Табиғи өнім қашанда құнды
17 Мамыр
2016
Маңғыстау облысы
Ауылда да табысты бизнесвумен болуға болады
14 Сәуір
2016
Батыс Қазақстан облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер