«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Түнгі жұмысқа тыйым салына жаздады

2016 жылғы 03 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
6417 просмотров

Қалалық (аудандық) ішкі істер бөлімі мейрамхана иесін қаладағы қылмыстық жағдайға кері әсер етуде деп кінәлады

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасына Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласындағы «Жаным» мейрамханасының иесі Айгүл Исламбекова шағымданды. Оның сөзіне қарағанда, ҚАІІБ мекеменің жұмыс уақытын шектемек, өйткені ол қаладағы құқық тәртібіне теріс ықпал етеді-мыс. Сөйтіп Исламбекова әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінен ескерту хат, сондай-ақ полицейлерден ауызша ескертулер  алады. «Алайда мен ҚАІІБ ұстанымымен үзілді-кесілді келіспеймін, өйткені кәсіпкерлік қызметпен шұғылдану құқығын заңды түрде іске асырып отырмын. Мейрамхананың қаладағы  қылмыстық ахуалға теріс әсер ететініне күмәнім бар, бөлме-жайда бейнекамералар болуының өзі адамдарды тәртіпке шақырады. Елдегі экономикалық қиын жағдайды ескерсек, көптеген мекемелер жабылып жатыр, ал түнде жұмыс істемеу бизнесіміздің өрісін тарылтады», – дейді кәсіпкер шағымында.

«Атамекеннің» араласуы арқасында бизнесмен әйел кәсіпкерлік құқығын қорғай алды. Жергілікті билік оның жұмысына килігуді қойды.  Исламбекованың Ұлттық палатаға жолданған келесі хаты басқаша сипатта. Бұл хат алғысқа толы екен. «Кәсіпкерлердің құқығын табысты қорғап отырған Ұлттық палатаның қызметі қуантады. Сіздер Қазақстан кәсіпкерлері өміріне әділеттілік сыйлап, біздің мәселелерімізді шешетін шенеуніктердің заңды жұмыс жасауына жетелейсіздер», – дейді ол. 

«Мен өзімді қорғаудағы кәсіпкер ретінде сезіндім, өзгелер де менің заңды мүдделерім мен құқыма үлкен сыйластық сезіммен қарай бастады», – дейді бизнесмен әйел. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер