«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жиһаз жасаудағы сандық технология

2016 жылғы 11 Тамыз
- Шығыс Қазақстан облысы
30344 просмотров

Шығыс Қазақстанда алғаш рет жиһаз кәсіпорны сандық бағдарламалық басқару арқылы үй-кеңселерге арналған заманауи өнім шығаруда

 «Өскемен АЖТ орталығы» жоғары сапалы құрал-жабдықпен жабдықталған, бұл өз кезегінде кәсіпорынға жиһаздың жаңа желісін шығаруға мүмкіндік береді.

Материалдар мен қосалқы бөліктерді өздері жеткізетіндіктен, дайын өнімнің де бағасы айтарлықтай арзан.

20 жылдан бері өңірдегі жиһаз кәсіпорындары үшін материалдар мен құрал-жабдықтар тасымалдаумен айналысып келген «АЖТ орталығы» бір жыл бұрын өзінің өндіріс орнын ашты. Егер жиһаздық жартылай дайын өнімдер мен корпустардың алғашқы партиясы одан ары қарай жинаумен айналысатын, технологиялары мен арнайы құралдары бар кәсіби мамандарға бағытталса, кейінірек орталық жиһаз дайындаудың толық циклін іске асыруды жолға қойды.

Кәсіпорынның алдыңғы қатардан көрінуінің ерекшелігі ондағы барлық технологиялық процестерді сандық басқару тәсілінде жатыр. Пәтерге немесе мекемеге орналастыру сызбасынан бастап, дайын жиынтықты жинау мен тапсырыс беруші үшін бүкіл өндірістік циклды жүзеге асыру компьютерлік технологиялар негізінде орындалады.

Жиһаз өндірісіне арналған цехтың жарақтандырылуы еңбек өнімділігін бірден арттыруға мүмкіндік берді. Өйткені бұл цех – өңірдегі материалды пакеттік пішу мүмкіндігі бар бірінші ағаш тілетін орталық, сондай-ақ саңылау мен жиһаз бөлшектерін фрезермен өңдеуді жоғары дәлдікпен орындауға мүмкіндік беретін алғашқы әмбебап өңдеу орталығы. Бөлшектерді штрих-кодпен таңбалау жүйесі бөлшектер дайындауды жылдамдатуға мүмкіндік береді, ал мәліметтерді автоматты түрде оқу «адам факторының» орнын алмастырады, осылайша өнімнің сапасы жоғарылайды.

«Өңдеу орталығын оңай өзгертуге болады, – деп түсіндірді цех бастығы, Өскемен жоғары оқу орнының жас түлегі Дмитрий Дмитриев. – Тесіп-бекіту әмбебап торабы бір уақытта түрлі құралдарды орнатуға мүмкіндік береді, жиһаздың бөлшектерін дайындау бойынша операция бірнеше жазықтықта орындалады. Қолмен өңдеу жоқ, KRONO швейцариялық концерні өндіретін ламинатталған ағаш-жаңқа тақтасы геометриялық өлшемдердегі нақтылықты сақтауға және жиһаз бетінің жоғары декоративті сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұлар жиһаз өндіруде аса маңызды жайттар».

Станоктар жылдам ауыстырылады, электронды каталогтағы басқару бағдарламалары асүйдің, қонақ бөлме мен жатын бөлменің, балалар бөлмесі мен ауызғы бөлменің жиһаздарын шығаруға, яғни корпустық жиһаздың барлық түрін өндіруге мүмкіндік береді.

«Мәселен, оқушыға арналған жиһаз бөлшектерін кесуге, бұрғылауға, саңылау жасауға бірнеше күнді қажет ететін болса, ал сандық басқару арқылы жиһазды құрауға арналған бөлшектерді санаулы сағаттарда дайындай аласың», – дейді Дмитрий.

Айта кетерлігі, қала тұрғындары ғана емес, ірі кәсіпорындар да жаңа жиһаз жасау орталығының клиенттері.

Мәселен, «Қазақмыс» жариялаған шахта басқармасын жабдықтауға арналған ірі көлемдегі жиһаз дайындау тендерін ұтып алу нәтижесінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік туып, цех кеңейіп, логистика жақсарды. Материалдарды шығаратын зауыттан бірден вагон арқылы жеткізу кәсіпорынның жеке қажеттіліктерін жауып қана қоймай, өңірдегі жиһаз шығарушыларды сапалы әрі тұрақты зерлермен қамтамасыз етіп отыр.

«Біз жиһаз өндірісін ұйымдастыру әдісімен бөлісуге және өндірістік базаны жабдықтауға көмектесуге дайынбыз, – дейді орталық директоры Сергей Сундиков. – Мәселен, Таврияда жиһаз цехын кеңейтуге қажетті құрылғыларды орнаттық, цех жұмысшыларын станоктармен жұмыс істеуге үйреттік, компьютерлерге қажетті бағдарламаларды орнатып бердік және алдыңғы қатарлы технологиялармен жұмыс істейтін операторларды дайындап бердік. Кәсіпорынның мақсаты – Қазақстан Республикасының жиһаз нарығанда көшбасшы болу».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер